Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы АҚТҚ/ЖИТС-пен күресу бойынша талқылау өткізуде
2024 ж. 21 May
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) денсаулық сақтау саласында, әсіресе АИТВ/ЖИТС-пен күресуге баса назар аударып, нәтижелерді жақсартуда, төтенше жағдайларға дайындықты арттыруда және денсаулық сақтау саласына климаттық аспектілерді енгізуде елдің күш-жігерін қолдайды. SCALE деп аталатын екі жылдық бастамасының шегінде БҰҰДБ Қазақстан қатысушы болып табылатын АҚШ Президентінің ЖИТС-пен күресу бойынша Төтенше жағдайлар жоспарына (PEPFAR) қатысатын елдерде халыққа бағытталған әртүрлі стратегиялар мен заңнамалық реформалар тәсілдерін белсенді түрде қолдайды.
Қазақ тері және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мәліметі бойынша, 2023 жылдың соңында Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 30,000-нан асты. 2023 жылы 4,044 жаңа жағдай тіркелді, оның 75%-ы (3071) 15-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті халық арасында болды.
Осы бастамаларды қолдау мақсатында 21 мамырда Астанада Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС-ке қарсы іс-әрекет бойынша үйлестірілген шараларға бағытталған маңызды қадам болып табылатын «SCALE» Ұлттық уталқылай өтті. Іс-шара Қазақстандағы халықтың негізгі топтары үшін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтудің маңызды мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылау үшін әртүрлі секторлардың мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Бұл талқылау әсіресе АИТВ/ЖИТС және туберкулезге қатысты қызметтерді көрсетуге және алуға кедергі келтіретін құқықтық және қолжетімділік кедергілерін шешуге бағытталған.
Талқылау барысында қатысушылар елдегі АИТВ/ЖИТС бойынша ағымдағы эпидемиологиялық мәліметтерді, сондай-ақ тиісті бағдарламаларды іске асырудың қиындықтары мен перспективаларын, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдарға әсер ететін құқықтық нормаларды қылмыссыздандыру тәсілдерін қарастырып, АИТВ/ЖИТС-пен күреске бағытталған бағдарламаларда мемлекеттік серіктестердің, үкіметтік емес ұйымдардың және халықтың негізгі топтарының қатысуын арттырудың тиімді жоспарларын әзірледі.
Шарада SCALE бастамасының алдын ала нәтижелері де таныстырылды. Халықтың осал топтарына теріс әсер ететін кемсітушілік заңдары мен саясаттарымен күресудің стратегияларын, тактикасын және тәсілдерін әзірлеу үшін қаржы алған Қазақстаннан грант алушылар баяндама жасады. Жаһандық бастама ретінде SCALE Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы төрт елді, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Украинаны қамтиды. SCALE бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі «Заң және қолжетімділік» гранттар бағдарламасы болып табылады, ол өз қауымдастықтарының қажеттіліктерін жақсы білетін жергілікті ұйымдардың әлеуетін арттыруға инвестиция ретінде қызмет етеді. Соңғы екі жылда SCALE бастамасының қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Украинадағы сегіз ұйым грант алды, оның екеуі Қазақстанда жүзеге асырылуда.
Мұндай ашық талқылау АИТВ/ЖИТС-пен күресудегі мәселелер мен мүмкіндіктерді жақсырақ түсінуге, қылмыссыздандыру және құқықтық реформалар қажеттілігі туралы консенсусты нығайтуға, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүріп жүрген адамдарға қатысты кемсітушілік нормалар мен тәжірибелерді жою бойынша практикалық қадамдар мен міндеттемелерді анықтауға көмектеседі деп күтілуде.