Қазақстан
Нормативтік-құқықтық негіз
Нормативтік-құқықтық негіз
БҰҰДБ Қазақстандағы өз қызметін 1993 жылы көмек көрсету туралы Стандартты базалық келісім шеңберінде бастады. Қазақстандағы БҰҰДБ құзыреті Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы 2009 жылғы 25 қарашадағы меморандуммен (2010-2014 жж.) айқындалады. Аталмыш меморандумға сәйкес БҰДДБ «экономикалық дамудың және әлеуметтік прогресті ілгерілетудің маңызды мәселелерін шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін ел тарапынан қабылданатын күш салуларды қолдауы және толықтыруы тиіс».
БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Кеңсесі Қазақстандағы БҰҰ-ның агенттіктері, қорлары мен бағдарламаларының жүйесіне кіреді. БҰҰ-ның Қазақстанға қолдау көрсететін барлық агенттіктері Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім аясында жұмыс істейді. Келісім БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі өз ресурстарын бағыттайтын бірлескен келісілген басымдықтар кешені.
Негізгі құжаттар: