БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Серіктестік БҰҰДБ жасайтын барлық нәрсенің негізінде жатыр. Біздің ауқымды тәжірибеміз әртүрлі мәселелер мен даму шарттарын қамтиды. Осы құнды артықшылығымыз біздің ұзақ мерзімді сенім мұрамызбен бірге бізді даму саласындағы таңдаулы серіктеске айналдырды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Үкіметі БҰҰДБ-ның стратегиялық серіктесі болып табылады. Табыс деңгейі орташадан жоғары ел бола отырып, Қазақстан БҰҰДБ офисінің елде болуын және жобалардың көпшілігін белгіленген жолдар арқылы қаржыландырады. Қазіргі елдік бағдарламаның басым бөлігі ұлттық бюджеттен қаржыландырылады. Қазақстандағы БҰҰДБ жұмысын мүмкін ететін ықпал етуші серіктестер туралы ақпарат алыңыз.

Халықаралық қаржы ұйымдары

Халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) дамуды қаржыландырудың маңызды көзі болып табылады. Қазақстандағы БҰҰДБ Дүниежүзілік банк және Азия даму банкі сияқты кейбір халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды іске асыруда.

Азаматтық қоғам ұйымдары

БҰҰДБ үшін азаматтық қоғам мемлекет пен нарықтан тыс орналасқан ресми және бейресми ұйымдардың барлық спектрін қамтиды. Оларға волонтерлік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдастықтар негізіндегі ұйымдар, сондай-ақ жеке және ұжымдық әрекет ететін қоғамдастықтар мен азаматтар жатады.

БҰҰДБ бағдарламаларды іске асыруда және саясатты ілгерілеуде азаматтық қоғам ұйымдарымен ынтымақтасады. Бұл көбінесе денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау және микрокредиттер беру бойынша негізгі қызметтерді ұсыну үшін олармен ынтымақтастықты білдіреді.

Жеке сектор

Жеке сектор дамушы елдерде инновацияларды жеңілдету, қаржыландыруды қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті ынталандыру арқылы дамуға маңызды үлес қоса алады. Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру, климаттың өзгеруімен күресу және экожүйелерді қорғау бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін біз бизнеспен серіктестік құрамыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі

Қазақстандағы БҰҰДБ 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне елдік деңгейде қол жеткізуге өз үлесін қосатын және бірлесіп БҰҰ Елдік тобын (БҰҰ ЕТ) құрайтын елдегі БҰҰ агенттіктерімен тығыз ынтымақтастық жасайды. БҰҰ елдік тобы тұрақты дамуға қол жеткізуде БҰҰ мекемелерінің Қазақстан Үкіметіне дәйекті, тиімді және пәрменді қолдау көрсетуін қамтамасыз ету үшін стратегиялық басшылық пен қадағалауды қамтамасыз етеді.

***

БҰҰ Еріктілері

Еріктілік даму мәселелерін шешуге адамдарды тартудың күшті құралы болып табылады және даму қарқыны мен сипатын өзгерте алады. Еріктілік қоғамға да, жеке еріктіге де пайда әкеледі, азаматтар арасындағы сенімді, ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті нығайтады, сонымен қатар қатысуға мақсатты мүмкіндіктер жасайды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕ) — еріктілікті қолдай отырып, серіктестерді даму бағдарламаларына еріктілікті интеграциялауға және еріктілерді жұмылдыруға шақыра отырып, бүкіл әлем бойынша бейбітшілік пен дамуға қолдау көрсету мақсатында еріктілікті ілгері жылжытатын БҰҰ ұйымы.

Қазақстандағы БҰҰДБ-да климаттың өзгеруі, басқару, әлеуметтік қорғау, энергетика және қоршаған орта сияқты салаларда БҰҰ-ның 20-дан астам еріктілері жұмыс істейді.

Біздің еріктілер туралы мақала мен блогты оқыңыздар.