Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты жүйесін және экожүйелерін сақтау
Қысқаша сипатталуы:
Бұл жоба Солтүстік Қазақстан аумағындағы құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерінің және олармен байланысты бағалы экожүйелердің тозуын азайту мақсатында жер ресурстарын басқарудың тиімді технологияларын кең ауқымда енгізуді және «жасыл» өндірістік - өткізу тізбектерін алға жылжытуды бастау үшін азық-түлік жүйелеріне әсерді бағалау, жерді пайдалану және қалпына келтіру (FOLUR) жөніндегі ҒЭҚ жаһандық бағдарламасы шеңберінде әзірленген болатын. Жоба аясында Ландшафтты кешенді басқарудың (ILM) саясаттарын, мүмкіндіктері мен ынталандыруларын қолдау көзделген, бұл экожүйелер мен жерлердің тозуын болдырмаулу мақсатында жер пайдалану әдістерін өзгерту үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жоба сондай-ақ үкіметтің басшылығымен және негізгі тауар ретінде «жасыл» бидайға басты назар аудара отырып, бидай экспорттаушыларымен және бөлшек сатушылармен бірлескен платформа құруға қол ұшын беруді көздеп отыр. Ауыл шаруашылығы ландшафтына келер болсақ, жоба құнарлы егістік жерлерді әртараптандыруға және басқарудың тиімділігін арттыруға, азық-түлік өнімдерін тұрақты өндіру үшін агроэкологиялық ынталандыруды енгізуге, жайылымдық жерлерді қалпына келтіруге және оларды тұрақты басқару әдістерін енгізуге көмектесуді көздейді.
Жоба қорықтар, орман аудандары мен экологиялық құндылығы жоғары сулы - батпақты алқаптар аумағында экологиялық құндылығы жоғары экожүйелер желісін, сондай-ақ жергілікті маңызы бар қорғалатын аумақтар мен жалғау дәліздерін құруға жәрдем көрсетуді көздейді. Жоба шеңберінде орман алқаптарын қалпына келтірудің инновациялық пилоттық бағдарламаларын және қуаң жерлердегі ормандарды, сондай-ақ көлдер мен сулы-батпақты жерлердің бүлінген экожүйелерін қалпына келтірудің жаңғыртылатын демонстрациялық жобаларын қаржыландыру көзделген. Ақпаратты басқаруға арналған жобаның компоненті аясында салалық мүдделі тараптарға азық-түлік өнімдерін орнықты өндіру саласында тәжірибе алмасудың ұлттық желісін құруға, ауыл шаруашылығы колледждері мен университеттерінде кәсіби және академиялық оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға, азық-түлік өнімдерін орнықты өндіру әдістерін хабардар етуді арттыруға және ілгерілетуге, жер ресурстарын орнықты басқаруға, құнарлы ландшафттарда бағалы табиғи экожүйелерді сақтау мен тұрақты пайдалануға көмек көрсету көзделген.
Жоба төрт компонентті тәсілді қолдануды көздейді.
Жобаның 1 - Компоненті шеңберінде экологиялық қауіпсіздікті және құнарлы ауыл шаруашылығы ландшафтарының орнықтылығын арттыру арқылы Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жер пайдалануды жоспарлау мен басқарудың тиімділігін арттырудың жалпы тәсілін, әдістері мен схемаларын көрсету көзделеді.
2- Компонент фермерлер үшін қолжетімді болатын қаржылық көмектің жаңа нысандарын әзірлеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдауды жүзеге асыратын басқа да негізгі қаржыландыру ұйымдарымен әріптестікке негізделеді.
3-Компонент табиғатты қорғау саласындағы бастапқы инвестицияларға негізделген және не егістік жерлердің (бидай / басқа дақылдар) араласуы нәтижесінде туындайтын проблемаларды шешуге, немесе өнімді аудандарда өсімдік шаруашылығын қолдау үшін маңызды экожүйе функцияларын күшейтуге бағытталған.
4- Компонент фермерлердің, жергілікті қоғамдастықтардың, үкіметтің және қалың жұртшылықтың «жасыл» өндірістің артықшылықтары туралы хабардар болуын арттыру үшін ЖЭҚ қаржыландыруды пайдаланатын болады
Атқарушы серіктес: «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Басталу күні: 29 желтоқсан 2021
Аяқталу күні: 30 желтоқсан 2026
Жобаның мақсаты: Жер ресурстарын басқарудың тиімді технологияларын кең ауқымда енгізуді іске қосу және Солтүстік Қазақстан ландшафтындағы өнімді ауыл шаруашылығы жерлерінің және олармен байланысты жоғары құнды экожүйелердің тозуымен күресу үшін қосылған құн жасаудың «жасыл» тізбегін алға жылжыту.