Украина мен Қазақстан климаттың өзгеруімен күресу үшін күш біріктіруде

"Қазақстан-Украина" Бірінші Климаттық диалогы 2021 жылғы 25-26 мамырда өтеді, оған жетекші сараптамалық институттар, іскер топтар және ҮЕҰ қатысады. Іс-шара декарбонизацияға, көміртексіздендіру процесінің экономикалық механизмдеріне, соның ішінде көміртегі салығы, шығарындылар саудасы, жасыл және климаттық қаржыландыру мен инновацияларға, төмен көміртекті қалаларды дамытуға арналған.

Іс-шара 2021 жылғы қарашада Глазгода өтетін БҰҰ КӨНК Тараптарының 26-шы конференциясына дайындық барысында, сондай-ақ климат жөніндегі Париж келісімін іске асыру шеңберінде, климаттық процестің негізгі мүдделі тараптары (үкіметтер, іскер топтар, ғалымдар, ҮЕҰ) арасында тұрақты диалог орнату үшін платформа болады.

Негізгі спикерлер:

• Ирина Ставчук, Украинаның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрінің орынбасары;

•Ж. М. Дархан Калетаев, Қазақстанның Украинадағы елшісі;

• Манал Фуани, Украинадағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары;

• Виталий Времиш, Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары.

Диалогқа  Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Украинаның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан мен Украина, Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Одақ, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ), Жасыл Академия, Алматы Энергетика және Телекоммуникациялар Университеті (AУЭС), Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы , Украина Ұлттық ғылым академиясының Жалпы энергетика институты қолдау көрсетеді.

Бірінші диалог үш тілде (ағылшын, украин және қазақ), (офлайн-онлайн) форматта өтеді.

• Талқылауға онлайн қосылу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуіңізді өтінеміз. Тіркелгеннен кейін, сіз байланыс туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы аласыз.

• Киев қаласындағы оффлайнға қатысу үшін осы сілтеме бойынша 2021 жылдың 24 мамырына дейін, Украина, Киев уақыты бойынша 15:00-ге дейін тіркелуіңізді өтінеміз.

• Нұр-Сұлтан қаласында оффлайн режимінде қатысу үшін төмендегі Қазақстандағы байланыс орнына хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Нұр-Сұлтан, Қазақстан: + 7 (701) 301 36 83, jakupova@cisc.kz – Дана Жакупова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы;

Киев, Украина: +38 (063) 831 80 25, ievgeniia.rudnytska@undp.org – Евгения Рудницка, БҰҰДБ Украина.

Баспасөз сұрақтары бойынша Юлия Самус, БҰҰДБ байланыс тобы жетекшісі Yuliia.Samus@undp.org  немесе +380971391475 арқылы хабарласыңыз.