Инновациялық челлендж
Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы City Experiment Fund жобасының шеңберінде Алматы қаласы ауасының сапасы жөніндегі деректердің цифрлық платформасын жасау бойынша заңды тұлғаларға арналған Инновациялық Челлендж жариялайды.
Ұйымға қойылатын талаптар:
Өнім беруші Қазақстан Республикасында тиісті түрде тіркелген, мынадай талаптарға сай келетін компания/ұйым болуы мүмкін:
§ экология саласындағы сараптама;
§ деректерді талдау саласындағы сараптама;
§ экология саласындағы іске асырылған жобалардың бар болуы үстемдік болады;
§ халықаралық ұйымдармен, оның ішінде БҰҰДБ-мен жасалған жобалардағы жұмыс істеу тәжірибесі үстемдік болады.
Қызмет көрсетілетін ел/қала: Алматы, Қазақстан.
Даму саласындағы проблемалар:
· Ауа ластануы (ауа ластануы бойыша дерек көздері).
Шарт қолданылуының күтілетін басталуы: 2021 жылғы тамыз.
Шарт қолданылуының күтілетін ұзақтығы: 3 айға дейін.
Жүлденің болжамды сомасы: US$10,000 бастап US$40,000 дейін.
Құжат тапсырудың соңғы мерзімі: 02.08.2021.
Өтінімдерді беру рәсімі: Сіздің толтырылған өтінім (3-қосымша) және бюджет (4-қосымша) нысандарынан тұратын ұсынысыңыз, электрондық хаттың тақырыбында конкурстың атауы (City Experiment Fund) міндетті түрде көрсетіліп, 2021 жылғы 2 тамыздағы сағат 23:59-дан кешіктірілмей (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) procurement.kz@undp.org электрондық адреске жіберілуі тиіс.
· Техникалық сипаттама (Terms of Reference)
· Инновациялық челлендж келісім-шарты үлгісі (Innovation Challenge Agreement)
· Ұсыныс формасы (Application Form)
· Бюджет үлгісі (Budget template)