Қазақстан

Сатып алулар

Procurement

Сатып алулар

 

БҰҰДБ сатып алуларды қалай жүргізеді?

БҰҰДБ сатып алулары конкурс негізінде жүргізіледі. Сатып алулар процесінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қаржылық ережелері мен қағидаларына сәйкес, келесі негізгі қағидаттар ескеріледі:

  • Төлеу үшін лайықты заттар үшін төлеу
  • Заңдылық, адалдық және ашықтық
  • Тиімді халықаралық бәсекелестік
  • БҰҰДБ мүдделері

Сатып алулар бойынша БҰҰДБ тәжірибесімен жақсырақ танысу үшін Сізге келесі сайттағы сатып алулар процесі бойынша БҰҰДБ нұсқаулығын (ағыл.) оқып шығуды ұсынамыз: http://www.undp.org/content/undp/en/home/operations/procurement/overview/

Сатып алуларды жүзеге асыру кезіндегі алаяқтық туралы ескерту

Соңғы уақытта БҰҰДБ немесе БҰҰ сайттары болып табылмайтын сайттар арқылы БҰҰДБ атынан сатып алулар туралы жалған хабарламалар, БҰҰДБ жасанды электронды мекенжайлары бар электронды хаттар және өздерінің БҰҰДБ тиесілілігі туралы мәлімдейтін адамдардан телефондық қоңырау шалулар сияқты басқа байланыс құралдары арқылы хабарламалар жиі таралуда. Кейбір жағдайларда, БҰҰ лауазымды тұлғалары атынан жалған қол қойылған, тендердің әлеуетті қатысушыларына олардың жеке құжаттарының көшірмелерін, кейде ақша қаражатын ұсыну туралы сұрауы бар хат-хабарлар жіберіледі.

БҰҰДБ электронды хаттар, Интернет вебсайттары арқылы, қарапайым пошта немесе факс, немесе ауызша хабарламалар арқылы келіп түсетін, сатып алулардың БҰҰДБ немесе БҰҰ атынан немесе оларға байланысты жасалатыны туралы жалған пайымдамалар жасалатын, сатып алулар саласындағы әр түрлі сұлбалар туралы хабардар. Осындай сұлбалар өздерін БҰҰДБ немесе БҰҰ лауазымды тұлғалары ретінде таныстыратын адамдардан келіп түскен әр түрлі ұсыныстар ретінде ұсынылған хабарламаларды (жазбаша және/немесе ауызша) қамтиды. Хат-хабарлар және басқа құжаттама, электронды мекенжайлар және вебсайттар БҰҰДБ атынан жасалғандай көрінуі мүмкін. Мысалы, олардың құрамында БҰҰДБ ресми баспабеті, оның ішінде БҰҰДБ символикасы және атауы, немесе олардың нұсқалары, және БҰҰДБ толық атауы мен аббревиатурасын немесе ұқсас атауын, немесе, пайымдау бойынша, БҰҰДБ құрылымына кіретін, БҰҰДБ атынан әрекет ететін жалған ұйымның атауын қоса алғанда, электронды поштаның немесе вебсайттың мекенжайлары болуы мүмкін.  Сонымен қатар БҰҰДБ әрекетті лауазымды тұлғаларының аты-жөні пайдаланылуы мүмкін.

Осындай сұлбалар осындай хат-хабарларды алушылардан ақша қаражатын және, кейбір жағдайларда, жеке ақпаратты алу үшін пайдаланылады және алаяқтық сұлбалары болып табылады.

Өтінеміз, келесілерді назарға алыңыз:

  • Сатып алулар туралы барлық хабарламалар осы вебсайтта, сонымен қатар UN Global Marketplace және UN Development Business сайттарында жарияланады.
  • БҰҰДБ өзінің сатып алу процесінің кез келген кезеңінде төлем алмайды және атаулы чектерді, ақша аударымдарын (Money Grams, Western Union немесе басқа арналар арқылы) жіберуді сұратпайды.
  • БҰҰДБ сатып алу процесін жүргізу кезінде банктік ақпаратты сұратпайды. Тендер қатысушылары төлем ақпаратын ұсынуды  тек келісімшартты алу немесе рәсімдеу кезінде сұрайды.
  • БҰҰДБ телефон немесе факс бойынша сыйақылар, марапаттар, ақша қаражатын, стипендиялар немесе сертификаттар ұсынбайды.
  • БҰҰДБ атауын немесе символикасын, немесе басқа атауларын немесе индикацияларын рұқсатсыз пайдалану заңсыз болып табылады. Сәйкес органдар осы органдармен сәйкес шараларды қабылдау үшін БҰҰДБ белгілі болған осындай әрекеттер туралы ақпараттандырылады.

Егер сізде өзін БҰҰДБ ретінде ұсынатын кез келген дереккөзден алынған сатып алулар бойынша ақпаратқа қатысты күмән туындаса, өтінеміз, келесі әрекеттерді қабылдаңыз:

  • Осындай ақпараттың түпнұсқалығында көз жеткізіңіз, осы жағдайда оның сатып алулар туралы хабарламаларда бар екенін және жоғарыда көрсетілген вебсайттарда орналасқан байланыс ақпаратын тиісті жолмен тексеріңіз Өтінеміз, егер сіз бұрын сатып алуларды ұйымдастыру бойынша ұсынылған әрекеттерге қызығушылық танытпасаңыз және/немесе БҰҰДБ кез келген бизнес мүмкіндіктеру бойынша ұсыныстар бермесеңіз, қосымша сақтық шараларын қабылдаңыз.
  • БҰҰДБ-ға қатысты емес вебсайттардан немесе электронды поштадан келіп түскен БҰҰДБ сатып алулары туралы кез келген хабарламаларды қарастырмаңыз, және осы сақтандыруды, сіздің пікіріңіз бойынша, осындай хабарламалар қамтуы мүмкін барлық адамдарға табыстаңыз.
  • Хабарламаға жауап ретінде қандай да бір әрекеттерді қабылдағанға дейін кез келген алаяқтыққа қатысты күмән туралы Office of Audit and Investigations (OAI) Алаяқтық туралы шағымдарға арналған тікелей телефон желісі арқылы БҰҰДБ-ға және (pso.info@undp.org) бойынша БҰҰДБ Сатып алуларды қолдау кеңсесіне хабарлаңыз.
  • Төлем немесе дербес ақпаратты ұсыну туралы кез келген сұрауларды қайтарып, олар туралы жергілікті құқық қорғау органдарына олармен сәйкес шараларды қабылдау үшін хабарлаңыз.
  • Кез келген күдікті хабарламаны алған кезде жоғары деңгейде сақтықты танытыңыз. Қаржылық шығындар немесе дербес деректердің ұрлануы алаяқтық хабарламаларын жіберген тұлғаларға ақша аударымын немесе дербес ақпаратты жіберу зардаптары болуы мүмкін.