Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы жобалық өтінімдерді қабылдайды, 2024 жылдың 26 қарашасынан 9 желтоқсанға дейін
2024 ж. 27 November
Құрметті қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!
БҰҰ Даму ,ағдарламасының (БҰҰДБ) аясында жұмыс істейтін Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ) жұмыстың жетінші операциялық кезеңін іске асыру шеңберінде гранттық конкурсқа қатысу үшін жобалық өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Өтінімдер тек тіркелген қазақстандық коммерциялық емес үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан (ҮЕҰ) қабылданады. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан, коммерциялық құрылымдардан (ЖШС
және т.б.) және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан жобалық ұсыныстар қарастыру үшін қабылданбайды.
Жобалық ұсыныстар 2 тақырыптық саланың бірінде іс-шараларды іске асыруға бағытталуы тиіс, олар:
Климаттың өзгеруінің салдарын азайту;
Жердің тозуы процестерін төмендету (климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін ескере отырып).
Жобалық іс-шаралар дала, шөлейт немесе шөлейтті экожүйелерге теріс әсерді азайтатын шараларды енгізуге бағытталуы тиіс. Географиялық тұрғыдан жобалау жұмыстары келесі облыстардың: Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауылдық және қала маңындағы аймақтарында шоғырлануы керек. Облыс орталықтары, сондай-ақ Шымкент, Астана және Алматы қалалары мәлімделген жобаларды жүзеге асыру орны бола алмайды.
Жобалар жергілікті қоғамдастықтардың (оның ішінде әйелдер, жастар, халықтың осал топтары сияқты топтардың) әл-ауқатын арттыру жөніндегі тетіктер мен іс-шараларды және оларды жобаны іске асыруға белсенді тартуды қамтуы тиіс. Желілік серіктестікке және бірнеше ҮЕҰ-ның жобалық іс-шараларын бірлесіп жүзеге асыруға негізделген жобалар құпталады.
Гранттық қаржыландыру мөлшері 50,000 АҚШ долларынан аспауы керек. Жобаны іске асыру мерзімі:
12 айдан аспайды.
Жобаларды таңдау кезіндегі қосымша басымдықтар*
Осы конкурс аясында жобаларды іріктеу кезінде келесі басым бағыттар ескеріледі:
1. Жобаның инновациясы мен күрделілігі: жаңа технологиялар мен ресурстарды ұйымдастыру әдістерін енгізуді, қоғамдастық ішіндегі өзара іс-қимылды жақсартуды, сондай-ақ түпнұсқа өнімдер мен қызметтерді құруды қоса алғанда, аймақ үшін жобаның жаңашылдық дәрежесі.
2. Жобаның тұрақтылығы: көрсетуге ұсынылатын технологиялар мен тәсілдер ауқымды болуы керек.
3. Географиялық көлемі: Қостанай облысында жүзеге асырылатын жобалар.
4. Климаттың өзгеруін азайту: Жаңартылатын энергия көздерін ынталандыру, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, терможаңғырту және т.б.
5. Серіктестік және ынтымақтастық: Басқа донорлармен, даму ұйымдарымен және бағдарламаларымен, жеке сектормен және т.б. серіктестікте жүзеге асырылатын жобалар.
6. Әлеуметтік инклюзия: әйелдерге, жастарға және басқа да әлеуметтік осал топтарға бағытталған жобалар.
Жобалар қосымша басымдықтарға сәйкес келетін жобаларға артықшылық бере отырып, Шағын гранттар бағдарламасының шарттарына сәйкес келуі керек.
Гранттық конкурсты өткізу мерзімі: 2024 жылғы 26 қарашадан 9 желтоқсанға дейін.
ЖЭҚ ШГБ-ның жетінші операциялық кезеңі шеңберінде грант алушылардың әлеуетін арттыру және консультациялық қолдау жөніндегі компонент көзделген. Осы компонент шеңберінде оқыту конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады. Толығырақ ақпаратты 1-қосымшадан таба аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасына sgp.kz@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер өздерінің жобалық ұсыныстарын қоса берілген форматқа сәйкес, sgp.kz@undp.org электрондық поштасына жіберулері тиіс.
Оқыту, жобалар санаттары, әр тақырып бойынша мүмкін болатын қызмет түрлері, жобаларды іріктеу өлшемшарттары, жобалық ұсыныс форматы және т.б. бойынша толығырақ ақпаратпен, конкурсқа қатысты материалдармен осы хабарландыруға қосымшаларда танысуға болады: