Өнімді әрі білімге негізделген әртараптандырылған экономикалық өсуге ықпал ету
Қазақстан Үкіметі экономикалық өсу мен өнімділіктің жаңа моделі үшін адами капиталды дамытудың маңыздылығын мойындайды. Бұл тұрғыдағы негізгі мақсаттардың бірі білім беру еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін, жұмыс күшінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін және болашақ технологиялық даму қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инновацияларды ынталандыратын білімге негізделген экономиканы құру болып табылады.
Білім беру мекемелерімен, кәсіпорындармен және инкубаторлармен жұмыс жасай отырып, БҰҰДБ жынысына қарамастан жастардың біліктілігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Бұл бастама жеке сектордың белсендірек дамуына және нарықтағы бәсекелестік деңгейінің артуына ықпал етеді.
Аймақтық экономикалық даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында БҰҰДБ Қазақстанның әл-ауқаты төмен аймақтарының аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды қолдайды.