Саяси поляризация мен сенімсіздіктің күшеюі бізді жаһандық мәселелерді шешуде тығырыққа тіреп отыр
БҰҰ Даму бағдарламасының хабарлауынша, бай елдер адам дамуының рекордтық деңгейіне қол жеткізіп жатыр, ал кедей елдердің жартысында дәл осы көрсеткіш төмендеп барады
2024 ж. 14 March
Дамудағы әркелкілік ең кедей елдерді артта қалдырып, теңсіздікті күшейтеді және жаһандық ауқымда саяси поляризацияны өршітеді. Осының барлығы бізді қауіпті тығырыққа тірейді, одан шығудың жолын бір кісідей атсалысып, қазір іздеу керек. Сол туралы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бүгін жарияланған жаңа баяндамасында айтылады.
«Тығырықтан шығар жолы: поляризацияланған әлемдегі ынтымақтастықты қайта зерделеу» атты 2023–2024 жж. Адам дамуы туралы баяндамада (АДБ) үрейлі үрдіс туралы айтады: жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысты (ЖҰӨ), білімді, өмір сүру ұзақтығын көрсететін жиынтық көрсеткіш болып табылатын жаһандық Адам дамуы индексі (АДИ) мәндерінің жиынтық қалпына келуі ішінара, толық емес, тең емес болды.
Болжамға сай 2023 жылы АДИ 2020 және 2021 жылдардағы күрт құлдыраудан кейін рекордтық деңгейге жетеді. Алайда бұл прогресс терең теңсіздіктермен ерекшеленеді. Бай елдерде адам дамуының рекордтық жоғары деңгейде болып отыр, ал кедей елдердің жартысы дағдарысқа дейінгі деңгейден төмен күйде қалып отыр.
Жаһандық теңсіздік айтарлықтай экономикалық шоғырланумен күшейеді. Баяндамада келтірілген деректерге сәйкес дүниежүзілік тауар саудасының 40 пайызға жуығы үш немесе одан да аз елде шоғырланған; ал 2021 жылы әлемдегі ең ірі үш технологиялық компанияның әрқайсысының нарықтық капитализациясы 90 пайыздан астам елдердің сол жылғы жалпы ішкі өнімінен (ЖІӨ) асып түсті.
«Баяндамада айтылған адам дамуындағы күшейіп бара жатқан алшақтық жиырма жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан бай және кедей елдер арасындағы теңсіздіктің тұрақты азаю үрдісі кері бағытта бет алғанын көрсетеді. Дүние жүзіндегі қоғамдар бір-бірімен тығыз байланысты болса да, біз теңсіздікті жоюда мәселесін шеше алмай жатырмыз. Біз өзара тәуелділігіміз бізге беретін мүмкіндіктерді және өз әлеуетімізді ортақ өзекті мәселелерімізді шешу және адамдардың үмітін шындыққа айналдыру үшін пайдалануымыз керек», – деді Ахим Штайнер, БҰҰ Даму бағдарламасы басшысы. – Тығырыққа тірелу адамдарға айтарлықтай зиян келтіреді. Ұжымдық іс-әрекет арқылы климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде, цифрландыруда, кедейлік және теңсіздікті жоюда ілгерілемеу адам әлеуетінің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен қатар поляризацияны күшейтеді және бүкіл әлемдегі адамдар мен институттарға деген сенімді одан әрі әлсіретеді».
Баяндамада халықаралық ұжымдық іс-әрекеттердің табысына қазіргі уақытта «демократия парадоксы» кедергі келтіріп жатыр делінген. Баяндамада талданған деректерге сәйкес бүкіл әлемде әр 10 адамның 9-ы демократияны құптайды, бірақ жаһандық сауалнамаға қатысқан респонденттердің жартысынан көбі демократиялық процестің негізгі ережелерін елемей, демократияға нұқсан келтіруі мүмкін көшбасшыларға қолдау көрсетеді. Дүние жүзіндегі сауалнамаға қатысқан адамдардың жартысы өз өмірлерін бақыламайтынын немесе тек шектеулі дәрежеде бақылатынын айтады, ал үштен екіден астамы өз елінің үкіметінің шешімдеріне ықпал ететін құралдары аз немесе мүлдем жоқ дейді.
Жаһандық салдары бар тағы бір өршіп келе жатқан мәселе болып саяси поляризация табылады. Авторлардың айтуынша, дәрменсіздік сезімімен қатар ол тек ішкі мүдделерге бағытталған саяси көзқарастарға дем береді, соның салдарынан экономиканы көміртексіздендіру, цифрлық технологияларды теріс пайдалану және қақтығыстар сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін қажет жаһандық ынтымақтастыққа түбегейлі қайшы келеді. Бұл климаттық дағдарыстан шығу үшін ұжымдық іс-қимылдың шұғыл қажеттілігін көрсететін 2023 жылғы температура рекордтарының, сонымен қатар мүлдем дерлік ешқандай реттеуші қауіпсіздік тосқауылдарынсыз жаңа және жылдам дамып келе жатқан төңкерісшіл технология ретінде жасанды интеллектінің дамуы аясында ерекше алаңдаушылық тудырады.
Баяндамада қазіргі әлемде жаһансыздандыру орынды да, шынайы да емес екені және экономикалық өзара тәуелділік деңгейі жоғары болып қала беретіні атап өтіледі. Бірде-бір аймақ өз алдына дербестікке жақын емес, себебі, кем дегенде бір негізгі тауарлар мен қызметтер санаты бойынша басқа аймақтардан келетін импортқа 25% және одан да артық тәуелді.
«Поляризация мен бытырау күшейіп жатқан әлемде өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықтан бас тарту әл-ауқатымыз бен қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді. Қолдампаздық тәсілдер біз тап болатын күрделі, өзара байланысты мәселелерді, соның ішінде пандемиялардың алдын алуды, климаттың өзгеруін және цифрлық технологияларды реттеуді шеше алмайды», - деп қосты Штайнер. – Біздің мәселелер бір-бірімен тығыз байланысты және дәл сондай өзара тығыз байланысты шешімдерді талап етеді. Адамзаттың дамуы үшін таза энергия көздері мен жасанды интеллектіге көшудің мүмкіндіктеріне бағытталған және артықшылықтарына баса назар аударатын күн тәртібін қабылдау арқылы біз қазіргі тығырықтан шығу және ортақ болашаққа орнатуға ұмтылу мүмкіндігіне ие боламыз».
Баяндама авторлары жаһандық өзара тәуелділік конфигурациясы өзгеріп жатқанын атап өтіп, жаһандық қоғамдық игіліктердің жаңа буынын жасап шығаруға шақырады. Олар шұғыл әрекет ету үшін төрт бағытты ұсынады:
антропоценнің бұрын-соңды болмаған сын-қатерлері жағдайында климаттың тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған планетарлық қоғамдық игіліктер;
адамның әділ дамуы үшін жаңа технологияларды пайдалануда үлкен теңдікке қол жеткізуге арналған цифрлық жаһандық қоғамдық игіліктер;
жаңа және кеңейтілген қаржылық тетіктер, соның ішінде табысы төмен елдерге гуманитарлық көмек пен дәстүрлі даму мақсатындағы көмекті толықтыратын халықаралық ынтымақтастықтың жаңа бағыты; және
адамдардың шешім қабылдауға және жалған ақпаратпен күресуге қатысуын арттыруға бағытталған басқарудың жаңа тәсілдері арқылы саяси поляризацияны азайту.
Осы тұрғыда көпжақты тәсіл іргелі рөл атқарады, делінген баяндамада, өйткені екіжақты өзара іс-қимыл сөзсіз планетарлық сипатқа ие жаһандық қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жеткіліксіз.
Баяндамадағы қосымша негізгі деректер
2023 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін барлық 38 ел 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда адам дамуы индексінің (АДИ) жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді.
2020 және (немесе) 2021 жылдары АДИ төмендеуі байқалған 35 нашар дамыған елдердің (НДЕ) жартысынан көбі (18 ел) 2019 жылы қол жеткізген адами даму деңгейі әлі қалпына келген жоқ.
Барлық дамушы аймақтар 2019 жылға дейін байқалған үрдіс негізінде күтілетін АДИ деңгейіне жете алмады. Олар төмен АДИ траекториясына көшкен сыңайлы, демек, болашақта сол елдерде адам дамуының көрсеткіштері бойынша тұрақты артта қалу байқалуы мүмкін дегенді білдіреді.
Адам дамуындағы ысыраптардың салдары Ауғанстан мен Украинада анық көрінеді. Ауғанстандағы АДИ он жылға дейін артта қалды, ал Украинаның АДИ 2004 жылдан бергі ең төмен деңгейге түсті.
Баяндамада популистік үкіметтері бар елдер ЖІӨ өсу қарқынының төмен екенін көрсететін зерттеулерге сілтеме жасалады. Популистік үкімет билікке келгеннен кейін 15 жыл өткен соң, жан басына шаққандағы ЖІӨ популистік емес сценарийге қарағанда 10%-ға төмен.
Баяндаманың толық мәтіні Ғаламторда қолжетімді: https://hdr.undp.org/humandevelopment-report-2023-24