Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдері дөңгелек үстел өткізіп, онда Қазақстандағы адам дамуының ілгерілету мәселелерін талқылады.
Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина шараны аша келіп, Қазақстанның дамуындағы үш онжылдық ішінде Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізудегі еліміздің мүмкіндіктері аясында баяндамада қалыптасуға берілген баға қамтылғанын атап өтті.
«Тұрақты болашақтың қажетті шарты ретінде білімді қолдану арқылы Қазақстанның экономикасы мен адами әлеуетін дамыту арасындағы өзара байланысқа ерекше назар аударылып отыр», - деді Сенат Төрағасының орынбасары.
«Ел дамудың айтарлықтай нәтижелеріне қол жеткізді: түйінді нарықтық реформалар іске асырылды, кедейшілік деңгейі қысқартылды, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі жетілдірілді. Алайда, бұл прогресті жаңа жаһандық, өңірлік және ұлттық сын-қатерлері бар нәзік және болжап болмайтын орта жағдайында сақтап қалу аса маңызды», - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш. Ол сондай-ақ әріптестік қарым-қатынастарды жолға қоюдың маңыздылығын атап өтіп, БҰҰДБ-ның елді және Қазақстан халқын осы жолда қолдауға дайындығын растады.
Іс-шара шеңберінде Еуропа және ТМД елдеріндегі БҰҰ Даму бағдарламасы Өңірлік бюросының бас экономисі Бен Слей Қазақстанның адам дамуының түйінді құрамдас бөліктері – денсаулық, білім, лайықты өмір сүру жағдайлары бойынша прогресіне шолу жасады.
Шолуға сәйкес, соңғы 30 жылда Қазақстанның Адами даму индексінің (АДИ) жаһандық рейтингіндегі маңызы айтарлықтай жақсарды. Қазақстан әрбір онжылдықтың сын-қатерлеріне жауап бере отырып, адами дамуды белсенді басқарды. Ел өзінің АДИ-ін арттырып, адам дамуының деңгейі өте жоғары елдер тобына кіре алды, 189 ел мен аумақтың арасында 51-ші орынға ие болды. Осы үш онжылдықта прогресс біркелкі болмады. Жалпы, 30 жыл ішінде АДИ-дің орташа жылдық өсуі 0.6% құрады, орташа әлемдік 0.7%-дан сәл төмен.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова баяндама жасады. Спикерлер төмен көміртекті өсу, еңбек нарығы және жаңа шындықтағы әлеуметтік қорғау жүйесі, сондай-ақ гендерлік күн тәртібі тұрғысынан одан әрі даму перспективаларын ұсынды. Шара Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналып отыр.