Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы ведомствоаралық үйлестіру органы құрылады. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үйлестіретін осы орган химиялық қауіпсіздік саласындағы өзекті аспектілерді талқылау үшін диалог алаңына айналады, олардың алғашқысы ЕАЭО 041-2017 Химиялық өнім қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентін іске асыру мәселелеріне арналады.
Химиялық заттарды қауіпсіз басқару жөніндегі ведомствоаралық органды құру мүдделі тараптар арасында үйлестіруді жақсарту, тиімді өзара іс-қимыл жасасу, ақпаратпен алмасу қажеттілігіне негізделген. Бұл ведомстволық шектеулікті жеңуге, басқарушылық қаталануды алып тастауға мүмкіндік береді. Ведомствоаралық үйлестірудің жақсы ұйымдастырылуы министрліктер арасындағы ашықтылық пен ынтымақтастықты арттыруға, әртүрлі мекемелердің құзыреттерін нақтылауға, химиялық заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қарастыратын химиялық заттарды реттеуде кешенді тәсілге жәрдемдесуге ықпал етуі мүмкін.
Химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы үйлестіру органын құру туралы шешім таяу арадағы ҚР Индустрия және инфорақұрылымдық даму министрлігі мен БҰҰДБ бірлесіп ұйымдастырған тиімді салааралық үйлестіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде қабылданды.
«ЕАЭО 041-2017 Химиялық өнім қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентін енгізудің алдағы процесі туралы өнеркәсіп пен бизнес өкілдері арасындағы жеткілікті ақпарат болмауы болашақта химиялық өнімді жеткізуде, сатып алуда және пайдалануда қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін. Осы үрдістерді бір уақытта көптеген мемлекеттік органдардың реттеуіне байланысты химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы ведомствоаралық органды құру мәселесі бүгінгі күні өте өзекті», - деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп басқармасының басшысы Гүлнар Ильмалиева.
Іс-шара барысында қатысушыларға химиялық заттарды үйлестіру және олармен жұмыс істеу бойынша Ресей Федерациясының тәжірибесі ұсынылды, Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар арасындағы, соның ішінде ЕАЭО 041-2017 Химиялық өнім қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентін іске асыру кезеңдерін талқылау кезінде тиімді үйлестірудің болмауынан пайда болатын химиялық заттарды басқару проблемалары талқыланды.
Осы кездесуге қатысушылар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің және «Орнықты даму орталығы» ҚҚ өкілдері қатысты.