Оқушылар арасындағы «Климат күтпейді» атты климаттық жобалар байқауы

2024 ж. 15 July
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Құрметті оқушылар, ұстаздар және білім мекемелері!

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) «Климаттыққобдиша» жобасы аясында «Климат күтпейді» тақырыбында оқушылардың климат жобаларының республикалық байқауы басталғанын хабарлайды.

Бұл байқау — өздеріңізді көрсетудің және әлемде нақты өзгерістерге түрткі болудың мүмкіндігі. 

Біз климат төндірген сын-қатерлерді жеңуге көмектесетін ең креативті, инновациялық және ықпалды идеяларды іздейміз.

Байқау номинациялары:

  1. Су — тіршілік өзегі. Климаттың өзгеруі жағдайында суды үнемдеу және суды тиімді пайдалану жобалары.

  2. Күн мен жел —таза табиғат энергиясы: Жаңғырмалы энергия көздерін тұрмыста, ауыл шаруашылығында және экономиканың басқа да салаларында пайдалануды көрсететін немесе ұсынатын жобалар.

  3. Климаттық әдеттер: Қоғамның мінез-құлқын өзгерту және орнықты климаттық тәжірибелерді тарату тәсілдерін көрсететін жобалар.

Кім қатыса алады?

  • 12-14 жас аралығындағы балалар (6, 7 және 8 сынып оқушылары).

Қашан және қалай қатысуға болады?

  • Өтінімдерді тапсыру: 2024 жылғы 15 шілдеден 30 қыркүйекке дейін сілтеме арқылы. *(Өтінімдерді тапсыру уақыты ұзартылды).

  • Жобалар өтінімде көрсетілетін ашық және жүктеп алуға болатын сілтемелермен файл алмасу қызметінде орналастырылуы керек.

Марапаттау:

Байқау нәтижелері қыркүйек айының соңына дейін Қазақстандағы БҰҰДБ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Байқау жеңімпаздары марапаттаурәсіміне және 2024 жылдың қазан айының соңында Алматы қаласында өтетін Халықаралық климат мектеп фестиваліне қатысуға шақырылады.

Жеңімпаздардың жол жүруі, үй-жайда тұруы және тамақтануы Ұйымдастырушы есебінен қамтамасыз етіледі.

Маңызды. Байқау шарттары туралы толығырақ ақпаратты Байқау туралы ережеден табуға болады.

Өздеріңізді көрсетудің және планетамыздың болашағына үлес қосудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!

Байқауда кездескенше!