Астана студенттері гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің өз шешімдерін ұсынды

2024 ж. 25 November
flags
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Астанада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» жаһандық науқанының басталуына орайластырылған қалалық кейс-чемпионат өтті, онда студенттер гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлығын арттырып, осы мәселені шешудің өз сарамандық жолдарын ұсына алды. Елордада университеттері атынан қатысқан бес команда БҰҰ агенттіктері әзірлеген гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбындағы кейстерді шешуде креативтік көзқарастарын көрсету мүмкіндігіне ие болды.

a man sitting
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Шараның ашылу салтанатында Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О'Малли былай деп атап өтті: 

«Қатысушы студенттер - зорлық-зомбылықтың шырғалаң шеңберін бұзып шығу үшін және қоғамда құрмет пен теңдік мәдениетін қалыптастыруға септесу үшін қажетті күш-қуат, жасампаздық пен инновациялар бейнесі. Олар қосатын үлес ескірген нормаларға қарсы шыға алады, батыл шешімдер ұсына алады, елеулі өзгерістерге жетелей алады. 16 күндік науқан - Бейжің декларациясының мұраттарына айнылмас адалдықты қайта растауға және зорлық-зомбылықсыз болашақ үшін аянбай еңбек етуге үндеу».
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Шараның негізгі мақсаты - жастарды гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін белсенді шешуге тарту және оның қоғамға әсері туралы хабардарлығын арттыру. Чемпионатты ұйымдастырушылар ұсынған кейстер гендерлік зорлық-зомбылық мәселесінің әсерінің сан түрлі көріністерін – экономикалық салдарынан бастап менталдық денсаулыққа тигізетінен зарарына дейін көрсетеді. Кейс-чемпионат форматы қатысушылардың мәселенің (кейстің) контекстіне үңілуін көздейді және мәселені шешуде сыни ойлау және зерттеу дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

photo of a group of people in front of a banner
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Чемпионат қорытындысы бойынша шараны ұйымдастырушы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Maqsut Narikbayev University-мен серіктестікте командалардың презентацияларын тыңдап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Студенттер арасында кейс-чемпионат өткізу туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ: өзгерістер агенті бола отырып, жас қазақстандықтар бүгінде ел халқының 31 пайызын құрайды. 

Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі Қазақстанда өзекті күйінде қалып отырғанын атап өтті. Мұндай жағдайлардың көбеюі батыл әрі нақты әрекеттерді талап етеді. Осыған орай 2024 жылдың сәуір айында Мемлекет Басшысының тапсырмасымен әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге арналған заң қабылданды. Ол сондай-ақ осы кейс-чемпионаттың тек мәселені назарға алудың ғана емес, оны шешудің тиімді тетіктерін ұсынудың бірегей мүмкіндігі екенін айтты:

a man giving a speech
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров
«Бүгінгі кейс-чемпионат – сіздер, болашақ көшбасшылар үшін, тек мәселені назарға алу ғана емес, оны еңсерудің нақты тетіктерін ұсыну мүмкіндігі. Maqsut Narikbayev University халықаралық ұйымдар мен жастардың күш-жігерін біріктіретін пікір алмасу алаңына айналғанына қуаныштымын. Сіздердің идеяларыңыз және ынта-жігерлеріңіз қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға көмектесетін қозғаушы күшке айналатынына сенімдімін».
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ/Батыр Әубәкіров

Анықтама үшін:

Әлемде:

Әрбір 3-ші әйел өмірінде зорлық-зомбылықтың қандай да бір түрін бастан кешіреді. Қыздар зорлық-зомбылық көрудің ерекше қаупіне ұшырайды, әрбір төртінші жасөспірім қыз жұбының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

Фемицид – қыз баланы немесе әйел адамды жынысына бола қасақана өлтіру. 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлемде 51 мыңнан астам қыз бала және әйел адам отбасы мүшелерінің немесе жұптарының қолынан қаза тапқан. Осылайша жер шарында әрбір 10 минут сайын фемицид жасалады.

Қазақстанда:

Әйелдердің 17пайызы – бұрын-соңды жұбы болған елдегі әрбір алтыншы әйел – жұбы тарапынан физикалық және сексуалдық зорлық-зомбылық көрген және сондай зорлық-зомбылық әрекеттері сан мәрте рет жасалған. Жұбының тарапынан физикалық зорлық-зомбылық көрген әйелдердің жартысы зорлық-зомбылықтың аса қатыгез түрлері туралы хабарлаған.

Әрбір бесінші әйел – 21 пайыз – өмірінде жұбының тарапынан психологиялық зорлық-зомбылық көрген. Физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылық көрген барлық әйелдердің төрттен бір бөлігі дерлік зорлық-зомбылықтың үш түрін де бастан өткерген.

Мүгедектігі бар қыздар мен әйелдер мүгедектігі жоқ құрдас ерлер, қыздар мен әйелдерге қарағанда зорлық-зомбылыққа әлдеқайда жиірек ұшырайды.

Фемицид деген не?

Фемицид – жынысына бола кісі өлтіру. Бұл – бұқаралық проблема және әйелдер мен қыздар бастан кешіретін гендерлік зорлық-зомбылықтың ең қатыгез, айқын көрінетін және төтенше көрінісі.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» науқаны

Жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы бүкіл әлемде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділікті 16 күні бойы атап өтеді, БҰҰ Бас хатшысының атынан барлық мүше мемлекеттерге «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою үшін бірігейік» деген үндеу жасалады. Биылғы науқан хэштегі: #NoExcuse #Ақталмайды #НетОправдания. Жаһандық науқанның ресми түсі – қызғылт сары.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» жаһандық науқаны жыл сайын 25 қарашада Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою күнінен басталып, 10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні аяқталады.