Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысы

2022 ж. 22 April

Фото: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Құрметті Шәкіров мырза, Сафаев мырза, Нәлібаев мырза,

Құрметті министрлер, ханымдар мен мырзалар,

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажілісі Сенатының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның екінші отырысына қатысу мен үшін үлкен мәртебе.

Заң шығарушы органдар трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуда, әсіресе Арал теңізі және оның экожүйесі сияқты өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша шынында өте маңызды рөл атқарады.

Бұл Орталық Азия елдеріндегі 60 миллионнан астам адамның денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін әлемдегі ең ірі техногендік апат екенін бәріміз білеміз. Бұл сонымен бірге шөлейттенуге және жер ресурстарының тозуына, биологиялық әртүрліліктің нашарлауына және екі ел үшін де айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық шығындарға әкеп соқты.

Осы себепті су ресурстарын ұтымды пайдалану және оларды басқару үкіметтер үшін негізгі мәселелердің біріне айналды. Көптеген жылдар бойы екі ел де Орталық Азия елдері арасында тиімді стратегиялар мен жедел мемлекетаралық ынтымақтастықты әзірлеу бойынша елеулі күш-жігер жұмсауда.

Осы мәселе мен пандемиядан кейін әлеуметтік-экономикалық қалыпқа келу мәселесі бойынша басымдықтарды айқындау, менің ойымша, екі жақтан да осы табиғи апаттан зардап шеккен адамдардың пікірлері мен алаңдаушылықтарын толық көрсетеді.

Бұған жақында өткен Ерікті Ұлттық шолуды дайындау бойынша консультациялар мен мүдделі тараптармен «Стокгольм+50» диалогы дәлел, оны талқылау барысында Қызылорда облысының тұрғындары табиғи ресурстар мен экожүйелерді тұрақты басқаруға, климатқа, таза суға қол жеткізуге, денсаулық пен әл-ауқатқа, сапалы білім мен баршаға лайықты жұмыс орындарына бірінші кезекте назар аударды.

Сондықтан, біз бүгін қоршаған ортаны бір мезгілде сақтай отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және экономикалық және әлеуметтік даму арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге бағытталған күш-жігерді біріктіру үшін жиналып отырмыз. Бүкіл өңір бойынша қоғамдастықтардың тұрақтылығын арттыру екі ел үшін де басым міндет болып табылады.

Бұл Өзбекстан мен Қазақстанның ең көп зардап шеккен аудандарында жергілікті деңгейде экожүйені қалпына келтіру жөніндегі кешенді практикалық шараларды іске асыруға әкеледі. Бұл сондай-ақ, «жасыл» экономика қағидаттарын біріктіруді, қоғамдастық тұрақтылығының әлеуметтік және экономикалық аспектілерін ескеруді білдіреді

Осылайша, біз стандартты тәсілдер жұмыс істемейтінін түсінеміз. Бүгін біз табиғатқа сәйкес дамып, табиғатқа инвестиция салу үшін даму стратегияларымызды қайта қарауымыз керек. Су тұтынуды реттеу және жергілікті деңгейдегі экономикалық дамуды басқару үшін әлдеқайда көп міндеттемелер талап етіледі.

Көп жылдар бойы БҰҰДБ ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болып табылатын және жергілікті қоғамдастықтар үшін қосымша пайда әкелуі мүмкін экожүйелерге негізделген стратегияларды ілгерілете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің биоалуантүрлілікті және экожүйелерді сақтау мәселелері бойынша негізгі әріптестерінің бірі болып табылады

Арал және Қазалы облыстарын функционалды өңірлендіру атласы, Арал өңіріндегі жерлердің шөлейттенуі мен тозу процестеріне кеңістіктік мониторинг жүргізудің геопорталы, кеуіп қалған Арал түбінде 1,7 миллион отырғызылған қара сексеуілдің көшеттері, фермерлерге суды аз қажет ететін дақылдар өсіруді бастауға көмектескен бірқатар энергия тиімді технологиялар – бұл Арал теңізі өңіріндегі экожүйелерді тұрақты басқаруға деген біздің тәсілдемелеріміздің бірнеше мысалы ғана.

Біз мұнда «жасыл» дамуға деген көзқарас тек шығындарға байланысты болмауы керек деп сенеміз. Сондай-ақ, өмір сүрудің тұрақты көздерін құруға ықпал ететін әлеуметтік және экономикалық даму туралы сөз қозғау керек.

Пилоттық жобаларымызға сүйене отырып, біз жасыл экономиканың аймақтық және жергілікті дамуға қалай ықпал ететініне куә болдық. Мысалы, жайылымдарды суландыру және жайылымдарды маусымдық мал жаю үшін пайдалану жөніндегі біздің алдыңғы жұмысымыз 20000 гектар тозған жайылымдарды қалпына келтіруге және өңірдегі мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. «Эко-Даму» кредиттеу бағдарламасының бірінші кезеңінде (2015-2019 жылдар) жергілікті қоғамдастықтарды қолдау үшін жалпы сомасы 120 млн теңгеге «Барсакелмес» қорығының жанында 39 «жасыл» бизнес-жобаны іске асыру үшін жеңілдіктер берілді.

Сонымен қатар, біз жергілікті дамуға кешенді тәсілді Арал өңірі дамуының аса маңызды элементі ретінде қарастырамыз. БҰҰДБ Орал өңіріне өз күштері мен экономикалық жағдайын қалпына келтіруге көмектесе бастағаннан бері 20 жылдан астам уақыт өтті. БҰҰДБ өңірде жұмыс істей бастағаннан кейін көп ұзамай, оның бастамасы өңірлік жоспарлау мен әлеуметтік қызметтерге инновациялық тәсілдер есебінен өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аудара отырып, «Арал тұрғындарына көмек беру – өзімізге көмек беру»  ретінде тез танымал болды.

Ағымдағы елдік бағдарлама аясында Қазақстан өңірлерін кешенді дамыту шешімдері біздің жұмысымыздың басым бағытына айналды. Облыс әкімдіктерімен тығыз байланыста әзірленіп, жүзеге асырылатын олар белгілі бір аймақтың нақты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған.

Қорытындылай келе, біз БҰҰДБ-да адамдар мен табиғат үшін кономикалық, әлеуметтік және экологиялық артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін ең жақсы білімдерімізді, тәжірибелерімізді және практикаларымызды бөлісуді жалғастыруға дайын екенімізді және міндеттенетінімізді айтқым келеді.

Рахмет.