Гендерлік теңдік жолындағы инновациялар

Қазақстандық әйелдер жетекшілік ететін медициналық цифрлық жоба BOOST грантын жеңіп алды

2022 ж. 21 November
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ
«BOOST – Women Innovators бағдарламасы біздің команда үшін тамаша білім алу мүмкіндігі және сәттілік болды. Таңдалған бірнеше лауреаттардың қатарында болғанымызға қуаныштымыз. Біз бұл қаражатты алғашқы 100 толық медициналық цифрлық жобамызды сынау үшін пайдаланамыз. Бізге Behavioral Insights (Мінез-құлық идеялары) модулі, кеңес берулер және тәлімгерлерімізбен жеке кездесулер әсіресе пайдалы болды», -
дейді Spica Technology негізін қалаушы Адина Хамитова.

 

Адина олардың Clarity деп аталатын мобильді денсаулықты қорғау шешімі жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып, 18 және одан асқан жастағы әйелдерге жылдам қолжетімділікпен персонализацияланған және профилактикалық денсаулық сақтау қызметтерін ұсынатынын атап өтті.

Оның командасы өз инновацияларын дамыту, модернизациялау және кеңейту үшін әлемдік деңгейдегі оқыту мен тәлімгерлікке қол жеткізу мақсатында BOOST – Women Innovators бағдарламасына қатысқан Еуропа мен Орталық Азиядан 55 жаңашылдардың бірі болды. Бағдарлама әлеуметтік әсер ету үшін инновацияға бағытталған аймақтық бастама болып табылады және Түркиядағы Koç Holding (Коч Холдингі) және Словакия Республикасының Қаржы министрлігі тарапынан қаржыландырылады және қолдау көрсетіледі. Қазақстан атынан үш команда – Girls Power Fund, Connect-Ed және Spica Technology қатысты.

BOOST әйелдерге цифрлық түрлендіру жолындағы кедергілерді жеңуге көмектеседі

Қазіргі таңда цифрлық құралдарға қол жеткізу, иелену және пайдалану гендерлік бейтарап болып табылмайды. Технологияға қол жеткізу мен пайдалануда әйелдер ерлерге қарағанда көбірек кедергілерге тап болады. Олар екі жақты құрбандар: мүмкіндіктерге қол жеткізуді кемсітетін жүйенің әсерінен олардың дағдылары жетіспейді және қолданыстағы әлеуметтік нормаларға байланысты отбасылық шектеулердің болуы. Нәтижесінде, әйелдер жалғасып жатқан цифрлық түрлендіруден негізінен шеттетіледі.

Бұл қиындықтарды шешу үшін BOOST – Women Innovators бастамасы жаңа биоматериалдарды әзірлеуден бастап балаларға арналған электрондық оқыту курстарын құруға және әйелдер мен қыздарға цифрлық экономикада табысқа жетуге және өркендеуге мүмкіндік беретін өз елдерінде өзгерістер жасайтын әйелдердің жетекшілігіндегі ұйымдарды біріктіруге арналған. Бағдарлама финалисттерге әлеуметтік инновацияларды кеңейтуге көмектесетін кураторлық тәжірибелер, соның ішінде сала сарапшылары мен инвесторлар жетекшілік еткен сессиялар, финалисттерге бір-бірімен тәжірибе алмасу үшін кеңістік және жаһандық білімге қол жеткізу мүмкіндіктерін берді.

«Girls Power Fund миссиясы білімге қолжетімділік пен гендерлік теңсіздік сияқты күрделі мәселелерге инновациялық шешімдерді әзірлеу арқылы Қазақстанда жайлы өзгерістер енгізу болып табылады. Біз мұны жоғары сынып оқушылары (қыз балалар) үшін STEM және кәсіпкерлікке бағытталған донорлармен қаржыландырылатын білім беру және оқыту іс-шараларын жобалау және енгізу арқылы жасаймыз», -
дейді Girls Power Fund стартапының негізін қалаушы және кураторы Динара Ауельбекова.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі мамандар желісі арқылы Girls Power Fund шалғай қалалар мен ауылдардан 700-ге жуық қыздар мен жас әйелдерге білім берді.

BOOST – әйелдер цифрлық инновацияны насихаттай алатын орын

Мемлекеттік және жеке серіктестермен бірлесе іске қосылған BOOST – Women Innovators бағдарламасы төрт негізгі тақырыптық бағыттағы көшбасшыларды біріктірді: деректер саласындағы әйелдер, цифрлық технологияларға қолжетімділік пен оларды пайдалану мен әйелдер, цифрлық экономикадағы және STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласындағы әйелдер  және технологиялық инновацияларды алға жылжытатын әйелдер.

Олардың бірі болып мектеп оқушыларына арналған краудсорсинг ИТ жабдықтарын және оны цифрлық сауаттылық бойынша тегін курстармен жұптастыру арқылы Қазақстандағы цифрлық теңсіздікті жоюды мақсат еткен Connect-Ed стартапы болып табылады.

«Біздің платформа мұқтаж мектеп оқушыларына, әсіресе ерекше білім беруді қажет ететін және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға ноутбуктер мен басқа құрылғыларды жинауға, сатып алуға және таратуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні біз еліміздің әртүрлі қалалары мен ауылдық жерлерін 220-дан астам құрылғымен қамтамасыз еттік», -
деп атап өтті Connect-Ed тобының жетекшісі Гульназ Корданова.

Connect-Ed координаторы Шадияр Макишева BOOST бағдарламасы оның тәжірибеде үйренгендерін құрылымдауға көмектескенін атап өтті.

«Біз бір жылдан астам уақыт бойы команда болып жұмыс істеп келеміз және қазірдің өзінде процестерді белгілеп, жұмыстың негізгі қағидаларын жүйеледік. Бірақ BOOST бағдарламасындағы тәжірибеден кейін бәрі анығырақ құрылымға ие бола бастады. Өңіріміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік туралы да көп нәрсе білдік», –
дейді Шадияр.

Соңғы BOOST питч-сессиясына жақсырақ дайындалу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Акселератор Зертханасы үш команда үшін питч-семинарын ұйымдастырды. Семинар қатысушыларға кері байланыс алуға, шақырылған жетекшілер және сарапшылармен ой алмасуға және одан әрі ынтымақтастық, жаңа серіктестіктер және әлеуметтік жобалар үшін ресурстарды жұмылдыру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.