Мемлекеттік басқарудағы инновациялар және цифрландыру
2021 жылдың қыркүйегінде Корея Республикасының Үкіметі мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы Астана мемлекеттік қызмет хабының әлеуетін пайдалана отырып, Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) мен Кавказ (Армения, Әзербайжан және Грузия) елдерінде цифрландыру және мемлекеттік сектордағы инновациялар бойынша бірлескен аймақтық жобаны іске қосты.
«Мемлекеттік басқарудағы және мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы инновацияларды дамыту үшін әлеуетті нығайту» жобасын іске асыруға грант беру туралы келісімге Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен Корея Республикасының Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) қол қойды.
Бұл жоба 2019-шы жылдың қараша айында Хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов мырзаның Кореяға іс сапары барысында, оның MOIS басшылығымен кездесу кезіндегі Хабтың бастамасы ретінде көтерілген болатын.
Жоба үш жылға арналған және оны Хаб, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) және Корея ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігімен (NIA) әріптестікте іске асыруда.
Мақсаты:
Жоба жетекші кореялық сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша зерттеулер, семинарлар өткізуді, Корея Республикасы мемлекеттік мекемелері жұмыстарымен таныстыру сапарларын ұйымдастыруды көздейді. Жоба нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқарудағы қажетті инновациялық тәсілдерді жетік меңгеріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлі әдістерімен танысып және оларды өз елдерінде енгізу үшін қажетті білім мен дағдыға ие болады деп күтілуде.
Күтілетін нәтижелер:
Қатысушы елдердегі мемлекеттік қызметшілердің үкіметтегі инновациялар тұжырымдамасы мен тәжірибесі және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі цифрландыру процестері туралы білімін кеңейту;
Сараланған арналар арқылы ұсынылатын инновациялық тәжірибелерді енгізу және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша қатысушы елдердегі мемлекеттік қызметшілердің мүмкіндіңтерін кеңейту.
Қызметтің негізгі бағыттары:
|
|
|
Әлеуетті арттыру шараларының тақырыптары:
«Инновациялар мен цифрландыруды өркендеуі үшін экожүйелер мен қолайлы орталар»
«Инновациялар мен цифрландыруды дамыту бойынша саясатты қалыптастыру».
«Тиімді енгізу үшін инновациялық және цифрландыру саясаты»
«Корея Республикасының цифрлық Үкімет саласындағы саясаты мен озық тәжірбиесі»
«Цифрландыру саласындағы қажеттіліктерді зерттеу нәтижелерін бағалау»
«Цифрлық үкіметтегі ынтымақтастық және әлеуетті арттыру»
«Цифрлық үкімет саласындағы ынтымақтастық және әлеуетті арттыру»
«Цифрлық үкімет саясатының негіздері»
«Жаңа цифрлық технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік қызметтерді ұсыну»
«Ашық деректер саясаттары, практикалары және кейстері»
«Цифрлық трансформация үшін өзгерістерді басқару»
Іске асыру тәсілі:
Тікелей енгізу әдісі
Кезең:
2021-2023
Донор:
Корея Республикасының Үкіметі (MOIS / NIA)
Нәтижелер:
3 онлайн семинар
1 онлайн өзіндікоқу курсы
1 аймақтық конференция (Қазақстан)
4 оффлайн семинар (Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан)
1 оқу таныстыру сапары (Корея)
Техникалық-экономикалық (қажеттілік-бағалау) зерттеулер нәтижелері туралыесеп
Ашық [Үкімет] деректерсаясатыментәжірибелерібойынша тақырыптық зерттеу
189 бірегей мемлекеттік қызметшілертартылды