Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау адам әлеуетін дамыту, саяси тұрақтылықты арттыру және инклюзивті өсу жөніндегі ұлттық стратегиялардың негізгі элементі ретінде ең осал адамдарды өмір бойы күйзелістерден қорғауға арналған. Қазіргі уақытта көптеген елдер әлеуметтік қорғауды кеңейтуде айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Дегенмен, жер шарындағы халықтың 55%-ы әлі де әлеуметтік қорғауға байланысты жеңілдіктерден айырылған.

Әлеуметтік қорғау кедейшілік пен теңсіздікке қарсы күрестің маңызды құралдарының бірі, сондай-ақ адамның негізге алынатын құқықтарының бірі болады.

Жоба "Қазақстан 2050" Стратегиясына және Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатты жетілдірудегі күш-жігерін одан әрі қолдауға бағытталған. Адам құқықтарын жүзеге асырудың кепілі болып табылатын мемлекеттік органдар мен құрылымдардың әлеуетін дамытумен қатар халықтың осал топтарының әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге де баса назар аударылатын болады.

Жоба келесі компоненттерді қамтиды:

·       Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғыртуға жәрдемдесу

- ерлер мен әйелдердің әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерге қол жеткізудегі проблемаларды неғұрлым тиімді шешуге мүмкіндік беретін іс-шаралар кешені. Атап айтқанда, әлеуметтік саясатты іске асырудың жаңа әдістемелері мен тәсілдері (жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру, медициналық-әлеуметтік мекемелердің тиімділік әдістемесі, әлеуметтік қызметтер көрсетуді әдістемелік қолдау) жүйенің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, қарт адамдар мен әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды қолдауды жетілдіруге ерекше назар аударылады;

·       Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын (МҚК) ілгерілету

- бұдан кейінгі қадамдар Қазақстанның МҚК факультативтік хаттамасын ратификациялауын, мүгедектікке қатынас парадигманы өзгертуді, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді жақсартуды және әлеуметтік және кәсіптік оңалту арқылы мүгедек адамдардың елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуын жандандыруды және т.б. көздейді;

·       Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің стратегиялық, талдамалық және басқарушылық әлеуетін нығайту

- Министрлік әлеуметтік саладағы саясатты дамыту мен іске асыруда негізгі рөлді атқарады және өз қызметін одан әрі жетілдіруге мүдделі және т.б.

Жобаның бенефициарлары:

Халықтың осал топтары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, әйелдер, жастар және т.б.

Жобаның ұзақтылығы:

2021-2023