Энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламалары
2023 ж. 17 January
Қазіргі уақытта БҰҰДБ-ның Қазақстандағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен жобалары шеңберінде энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың үш бағдарламасы жаңартылды.
Қаржылық қолдаудың екі бағдарламасы саладағы несиелер бойынша негізгі қарыздың бір бөлігін субсидиялауды қамтиды:
- БҰҰДБ- ҒЭҚ және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "төмен көміртекті даму үшін Тұрақты қалалар" жобасы шеңберінде энергия тиімділігі;
- БҰҰДБ- ҒЭҚ және ҚР Энергетика министрлігінің "Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету" жобасы шеңберінде шағын масштабты жаңартылатын энергия көздері.
Үшіншісі - БҰҰДБ мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жобасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер бағдарламасы - "Қазақстанда энергия тиімділігіне инвесторларды тарту үшін жағдайлар жасау".
Кәсіпкерлер өз жобалары туралы қысқаша ақпаратты электронды мекен-жай бойынша беру арқылы қосымша ақпарат пен кеңес ала алады: fm@undp.org, info@fund.kz немесе Қордың аймақтық өкілдіктерінде.
Қаржылық қолдау бағдарламаларын Қазақстанда БҰҰДБ "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен ынтымақтастықта, ИИДМ мен ҒЭҚ -тың қаржылық қолдауымен іске асырады.