БҰҰДБ сарапшылары Қазақстанның Адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы БҰҰ Басшылық қағидаттарын жүзеге асырудағы жетістіктерін бағалады
2023 ж. 5 September
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасының жаһандық бастамасы шеңберінде бизнес және адам құқықтары бойынша Ұлттық Базалық бағалау (ҰБО) жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша азаматтардың (жұмысшылардың) құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге және Қазақстандағы Адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы БҰҰ Басшылық қағидаттарын енгізуге бағытталған Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу жоспарлануда.
Жағдайды бағалау, бизнестің адам құқықтарына әсер ету қажеттіліктерін, проблемалары мен мүмкіндіктерін түсіну үшін БҰҰДБ сарапшылары қазақстандық компанияларда БҰҰ-ның осы қағидаттарын енгізудің қазіргі деңгейіне талдау жасады. Зерттеу сонымен қатар әртүрлі секторлардағы қазақстандық бизнес пен кәсіпорындардың жиі кездестіретін қиындықтарын анықтады.
Corporate Human Rights Benchmark әдістемесі бойынша зерттеу кезінде жұмыс орнын зерттеу, мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен сұхбаттар мен фокус-топтардағы жұмыстар ұйымдастырылды, сондай-ақ 278 компания қызметкерлерінен онлайн сауалнама жүргізіліп, 60 компанияның веб-сайттарына мониторинг жүргізу сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеуге мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерімен үстелдік талдау, сұхбат және фокус-топтар сияқты зерттеу әдістері, сондай-ақ 278 компанияның онлайн сауалнамасы және Corporate Human Rights Benchmark - Core әдістемесін қолдана отырып, 60 компанияның веб-сайтына мониторинг жүргізілді.
Сауалнамаға өндіруші өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету және сауда секторы (соның ішінде банк секторы), көлік және логистика, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. салаларда бизнесті жүзеге асыратын кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Респонденттердің айтарлықтай бөлігі комплаенс қызметкерлері (41,4%); заңгерлер мен кадр бөлімі мамандары (30,2%) және компания басшылары (17,6%) болды.
БҰҰДБ сарапшыларының пікірінше, мемлекет пен шетелдіктер қатысатын компаниялар, сондай-ақ акциялары қор биржаларында жарияланған компаниялар адам құқықтарын сақтауға барынша белсенділік танытады. Олардың ықтимал бұзушылықтарға әрекет ету үшін саясаттары, рәсімдері және механизмдері белгіленген.
Экономиканың өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі сияқты салаларында жұмыс істейтін өңдеуші компаниялар мен кәсіпорындары адам құқықтарын қорғау тұрғысында жоғары міндеттемелерге ие. Олар негізінен жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталғанымен, компаниялар шағымдарды қараудың тиісті процедуралары мен тетіктеріне ие және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру шараларын қабылдайды.
Көптеген компаниялар компания қызметінің адам құқықтарына әсерін анықтау, сәйкестендіру және бағалау үшін жалпы процедураларды пайдаланады. Адам құқықтарының бұзылуы әдетте зиян қаупі және пайда болу ықтималдығы орташа немесе төмен ретінде бағаланады, оны тәуекелдерді басқару саласындағы есептер мен талдаулар дәлелдейді.
Зерттеу көрсеткендей, қазақстандық компанияларда еңбек қатынастарына қатысты мәселелер жиі туындайды, бұл туындаған жағдайлардың 40%-ын құрайды. Одан кейін 35%-ын құрайтын жағдайлар ресурстарды нашар басқару, ашықтық пен есептіліктің болмауы сияқты корпоративтік басқару жүйелеріне қатысты мәселелер болып келеді.
Ең көп көтерілетін мәселелер жұмыс және демалыс уақытын сақтамау, жалақы, еңбек қауіпсіздігі сияқты еңбек қатынастары мәселелері болды – бұл жағдайларды компания өкілдерінің 24%-ы хабарлады. Тағы бір назар аударуды қажет ететін аспект – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету. Қатысушылардың шамамен 8% азаматтардың құқықтарын жақсырақ қорғауға болатын жағдайларды атап шықты. Сонымен қатар, зерттеу бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтады. Сауалнамаға қатысқандардың 5%-ы осындай жағдайлар туралы айтты.
Сауалнамаға қатысқан компания өкілдерінің жартысы (50%) Қазақстандағы бизнестің адам құқықтарын сақтауына ықпал ету еліміздің мемлекеттік билігінің құзырында деген пікірде. Айтарлықтай бөлігі (38%-ы) бұл барлығына жүктелетін міндет деп санайды. Мұны кәсіподақтар (20%), құқық қорғау және қоғамдық ұйымдар (16%), бизнестің өзі (13%), бизнес қауымдастықтары (10%), БАҚ (4%) жасау керек деген пікірлер азырақ кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі барлық мүше мемлекеттерді БҰҰ Басшылық қағидаттарын іске асыру құралы ретінде Бизнес пен адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарларын (ҰІЖ) әзірлеуге шақырды. Осы мәселені шешуге бағытталған «Бизнес және адам құқықтары» жобасы жауапты бизнес жүргізу стандарттарын ілгерілету жөніндегі БҰҰДБ және Жапония үкіметінің көп елдік бастамасының бір бөлігі болып табылады және қазіргі уақытта 17 елде жүзеге асырылуда.