Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы аясындағы гранттық конкурс

2024 ж. 29 January
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Құрметті қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!

БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) аясында жұмыс істейтін Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ) жұмыстың жетінші операциялық кезеңін іске асыру аясында гранттық конкурсқа қатысу үшін жобалық өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдер тек тіркелген қазақстандық коммерциялық емес үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан (ҮЕҰ) қабылданады. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан, коммерциялық құрылымдардан (ЖШС және т.б.) және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан жобалық ұсыныстар қарастыру үшін қабылданбайды.

Жобалық ұсыныстар 2 тақырыптық саланың бірінде іс-шараларды іске асыруға бағытталуы тиіс, олар:

  • Климаттың өзгеруінің салдарын азайту;

  • Жердің тозуы процестерін төмендету.

Жобалық қызмет дала, жартылай шөлді немесе шөлді экожүйелерге теріс әсерді төмендететін шараларды енгізуге бағытталуы тиіс. Аумақ тұрғысынан жобалау жұмыстары Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, яғни ЖЭҚ ШГБ жұмысының басты өңірлері шегінде шоғырландырылуға тиіс. Ауылдық және қала маңындағы өңірлерге бағдарланған жобалар ғана қабылданады (облыс орталықтары, сондай-ақ Шымкент, Астана және Алматы қалалары мәлімделген жобаларды іске асыру орны бола алмайды).

Жобалар жергілікті қоғамдастықтардың (оның ішінде әйелдер, жастар, халықтың осал топтары сияқты топтардың) әл-ауқатын арттыру жөніндегі тетіктер мен іс-шараларды және оларды жобаны іске асыруға белсенді тартуды қамтуы тиіс. Желілік серіктестікке және бірнеше ҮЕҰ-ның жобалық іс-шараларын бірлесіп жүзеге асыруға негізделген жобалар құпталады.

Гранттық қаржыландыру мөлшері 50,000 АҚШ долларынан аспауы керек. Жобаны іске асыру мерзімі: 18 айдан аспайды.

Гранттық конкурсты өткізу мерзімі: 2024 жылғы 26 қаңтардан 1 наурызға дейін.

ЖЭҚ ШГБ-ның жетінші операциялық кезеңі шеңберінде грант алушылардың әлеуетін арттыру және консультациялық қолдау жөніндегі компонент көзделген. Осы компонент шеңберінде оқыту конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады. Толығырақ ақпаратты 1-қосымшадан таба аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасына sgp.kz@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер өздерінің жобалық ұсыныстарын қоса берілген форматқа сәйкес, sgp.kz@undp.org электрондық поштасына жіберулері тиіс.

Оқыту, жобалар санаттары, әр тақырып бойынша мүмкін болатын қызмет түрлері, жобаларды іріктеу өлшемшарттары, жобалық ұсыныс форматы және т.б. бойынша толығырақ ақпаратпен, конкурсқа қатысты материалдармен осы хабарландыруға қосымшаларда танысуға болады: 

1- қосымша. Онлайн оқыту және консультациялық қолдау

2-қосымша: Ықтимал қызмет түрлері және жобаларды іріктеу өлшемшарттары

3-қосымша: Жобалық ұсыныс форматы.