ДДҰ мен БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда пандемияларға дайындықты арттыру және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту бойынша жаңа бастама аясында күш біріктірді

2024 ж. 16 September
a group of people posing for the camera
Фото: ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) елдік кеңсесі және БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздігін және пандемияларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық серіктестік туралы жариялады. Бұл бастама Қазақстандағы Пандемияға қарсы күрес қорының үш жылға берілген гранты қолдау көрсететін денсаулық сақтау инфрақұрылымын кешенді жаңартуды жүзеге асыру арқылы іске асырылады. 

a person holding a sign
Фото: ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі
«2020 жылғы пандемия денсаулыққа қауіп төнгенде, барлық салаға қауіп төнетінін көрсетті. Біз инфекциялардың қауіп-қатерлерін немесе қоздырғыштарын уақтылы анықтаудың, сондай-ақ аурулардың таралуын алдын алу шараларын уақтылы хабарлаудың және жүзеге асырудың маңыздылығын жақсы түсінеміз, осылайша бүкіл әлемдегі қауіпсіздікке әсер етеміз», -
деп атап өтті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сәуле Ахметова.

Бұл ынтымақтастық Қазақстанның әлеуетті пандемияларға дайындық деңгейін арттыруда маңызды қадам болып табылады. Серіктестік жергілікті ұйымдардың әлеуетін дамытуға және инфекциялық ауруларға қарсы қауіптерге тиімді жауап беру үшін инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады.

a man wearing a suit and tie reading a book
Фото: ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі
«Денсаулық сақтау инфрақұрылымы сапалы медициналық қызмет көрсетудің негізгі элементі және төтенше жағдайларға дайындық пен жауап берудің негізі болып табылады. Сондықтан пандемия кезінде алынған сабақтарды негізгі инфрақұрылымды тұрақты түрде жақсарту үшін қолдану өте маңызды», -
деді Қазақстандағы ДДҰ өкілі доктор Скендер Сыла.

Бастаманың негізгі компоненттеріне Алматыдағы вирусологиялық зертхананы жаңғырту және Түркістанда жаңа вирусологиялық зертхана салу кіреді. Екі нысан да орнықтылық пен экологиялық жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін SMART (өзін-өзі бақылау, талдау және есеп беру технологиясы) принциптерін және «жасыл» технологияларды қолданады. 

Сонымен қатар, инфрақұрылымын, функционалдығын және қауіпсіздік стандарттарын жақсарту үшін Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының вирусологиялық және бактериологиялық зертханалары елеулі жаңғыртудан өтеді. 

Жоба сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі санитарлық-карантиндік посттарды жаңартуды қамтиды. Бұл жаңартулар эпидемиологиялық бақылауды жақсартуға, бақылау шараларын күшейтуге және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін тиімді шешуге тұрақты дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.

a woman holding a sign
Фото: ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі
«Біздің серіктестігіміз Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайту және өңірдегі пандемияларға жауап берудің жаңа стандартын қалыптастыру бойынша бірлескен күш-жігерімізді көрсетеді», -
деді Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Бұл салаларды ілгерілете отырып, серіктестік Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және елдің болашақ пандемияларды басқару мен салдарын жұмсартуға дайын болуын қамтамасыз етуге деген міндеттемесін растайды. Жобаның бір жыл үш ай ішінде аяқталуы жоспарлануда. Инфрақұрылымды жаңарту халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

Пандемиялық қор туралы: 
2023 жылы Пандемиялық қордың басқарушы кеңесі Қазақстанды қоса алғанда, түрлі елдерде болашақ пандемияларға орнықтылықты арттыруға бағытталған гранттарды бөлуді мақұлдады. Пандемиялық қордың гранттары Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі ең маңызды міндеттерге, әсіресе эпидемиологиялық бақылау, шекарадағы бақылау (Қазақстанның Қытай, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекаралары кең), зертханалардың қауіпсіздігі, ерте анықтау және жауап беру, сондай-ақ кадрларды даярлау саласында бағытталған.

Айта кететін жайт, 2022 жылдың қыркүйегінде құрылып, Индонезияның төрағалығымен Балида өткен G20 саммитінде ресми түрде бекітілген Пандемиялық қор - төмен және орташа табысы бар елдерге болашақ пандемияларға дайындықты арттыру үшін ұзақ мерзімді гранттық қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған алғашқы көпжақты қаржылық механизм.

Қосымша ақпарат осында.

a group of people posing for a photo
Фото: ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі