Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы жобалық өтінімдерді қабылдайды
2024 ж. 19 July
БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) аясында жұмыс істейтін Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ), жұмыстың жетінші операциялық кезеңін іске асыру шеңберінде гранттық конкурсқа қатысу үшін жобалық өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Өтінім беру талаптары
Өтінімдер тек тіркелген қазақстандық коммерциялық емес, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан (ҮЕҰ) қабылданады. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан, коммерциялық құрылымдардан (ЖШС және т.б.) және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан жобалық ұсыныстар қабылданбайды.
Тақырыптық салалар
Жобалық ұсыныстар 2 тақырыптық саланың бірінде іс-шараларды іске асыруға бағытталуы тиіс:
Климаттың өзгеруінің салдарын азайту
Жердің тозуы процестерін төмендету (климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін ескере отырып)
Географиялық фокус
Жобалық іс-шаралар дала, шөлейт немесе шөлейтті экожүйелерге теріс әсерді азайтатын шараларды енгізуге бағытталуы тиіс. Географиялық тұрғыдан жобалау жұмыстары Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауылдық және қала маңындағы аймақтарында шоғырлануы керек. Облыс орталықтары, сондай-ақ Шымкент, Астана және Алматы қалалары мәлімделген жобаларды жүзеге асыру орны бола алмайды.
Жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқатын арттыру
Жобалар жергілікті қоғамдастықтардың (оның ішінде әйелдер, жастар, халықтың осал топтары сияқты топтардың) әл-ауқатын арттыру жөніндегі тетіктер мен іс-шараларды және оларды жобаны іске асыруға белсенді тартуды қамтуы тиіс. Желілік серіктестікке және бірнеше ҮЕҰ-ның жобалық іс-шараларын бірлесіп жүзеге асыруға негізделген жобалар да құпталады.
Гранттық қаржыландыру және мерзімі
Гранттық қаржыландыру мөлшері: 50,000 АҚШ долларан аспауы керек
Жобаны іске асыру мерзімі: 15 айдан аспауы керек
Қосымша басымдықтар
Осы конкурс аясында жобаларды іріктеу кезінде келесі басым бағыттар ескеріледі:
Географиялық көлемі: Қостанай, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында жүзеге асырылатын жобалар
Климаттың өзгеруін азайту: Жаңартылатын энергия көздерін ынталандыру, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, терможаңғырту және т.б.
Серіктестік және ынтымақтастық: Басқа донорлармен, даму ұйымдарымен және бағдарламаларымен, жеке сектормен және т.б. серіктестікте жүзеге асырылатын жобалар
Әлеуметтік инклюзия: әйелдерге, жастарға және басқа да әлеуметтік осал топтарға бағытталған жобалар
Гранттық конкурстың мерзімі
Конкурс 2024 жылғы 19 шілдеден 18 тамызға дейін (қоса алғанда, сағат 00:00-ге дейін) өткізіледі.
Қолдау және оқыту
ЖЭҚ ШГБ-ның жетінші операциялық кезеңі шеңберінде грант алушылардың әлеуетін арттыру және консультациялық қолдау жөніндегі компонент көзделген. Осы компонент шеңберінде оқыту конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады. Толығырақ ақпаратты 1-қосымшадан таба аласыз.
Өтінім беру процесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер өздерінің жобалық ұсыныстарын қоса берілген форматқа сәйкес, sgp.kz@undp.org электрондық поштасына жіберулері тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасына sgp.kz@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.
Қосымша ақпарат
Оқыту, жобалар санаттары, әр тақырып бойынша мүмкін болатын қызмет түрлері, жобаларды іріктеу өлшемшарттары, жобалық ұсыныс форматы және т.б. бойынша толығырақ ақпаратпен, конкурсқа қатысты материалдармен осы хабарландыруға қосымшаларда танысуға болады:
1-қосымша: Онлайн оқыту және консультациялық қолдау
2-қосымша: Ықтимал қызмет түрлері және жобаларды іріктеу өлшемшарттары
3-қосымша: Жобалық ұсыныс форматы