Карантиндік шаралар кезінде жұмыссыз болған 250-ден астам азамат БҰҰДБ мен АДБ қолдауымен үш айлық ақылы тағылымдамадан өтеді

2022 ж. 3 May
Andrey's story
Фото: Алексей Мальченко, Алматы, Қазақстан

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда карантиндік шараларға байланысты қызметкерлердің 45,7 пайызы ақы төленбейтін демалысқа жіберілген немесе жұмыстан шығарылған. COVID-19 пандемиясының халықтың неғұрлым осал топтарына теріс әсерін төмендету және дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің еңбек нарығын жаңа салалар мен кәсіптердің пайда болуына бейімдеу мақсатында Азия даму банкі «COVID-19 пандемиясымен күресте Қазақстан үшін ынтымақтастық қоры» жобасын іске асыруға 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде грант берді. Жобаны БҰҰ Даму бағдарламасы ұлттық әріптестер – Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігімен және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске асыруда.

Жоба шеңберінде 2021 жылғы желтоқсанда жұмысынан айырылған және өнімсіз жұмыспен қамтылған, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында (Арыс қаласында) мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін 250 адамды қамтитын үш айлық субсидияланатын Тағылымдамалар бағдарламасы іске қосылды. Содан бері жеке, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда ақылы тағылымдамадан 90 адам өтті. 

Story about the unemployed
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

 

Тағылымдама бағдарламасының орындаушысы «Камеда» қоғамдық қоры, БҰҰ Даму бағдарламасының ұзақ мерзімді серіктесі болып табылады. «Біз жұмыссыздардың және халықтың ең осал топтарының тізімін анықтау үшін өңірлердегі жұмыспен қамту орталықтарымен ынтымақтасамыз. Содан кейін біз олармен әңгімелесу өткіземіз, лайық жұмыс орнын анықтау үшін олардың қажеттіліктері, дағдылары мен артықшылықтарын анықтаймыз. Әр ағымда жұмыс берушілерді ауыстыруға тырысамыз», - дейді «Камеда» қоғамдық қорының жобалар үйлестірушісі Станқұлова Жазира. 

Story about the unemployed
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Тағылымдамалар бағдарламасына қатысу үшін жас шектеулері жоқ, ең үлкен қатысушы – зейнеткерлік жас алдындағы егде адам. Тағылымдама кезінде қатысушылар 67,000 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия алады, сондай-ақ тренингтерге, тәлімгерлікке қатысады және психологтан кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. 

Тәлімгерлік

Әрбір тағылымдамашыға жеке ментор бекітіледі, ол онымен SMART-картаны, яғни тағылымдамашының мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары жазылатын мақсаттар картасын жасайды. Әр кездесуде ментор мен тағылымдамашы қол жеткізген прогресс пен нәтижелерді жақсарту стратегияларын талқылайды. Мұндай кездесулер аптасына кемінде екі рет тағылымдамадан өтушінің жұмыс орнында немесе онлайн-режимде өтеді.

Одан бөлек, ментор аптасына бір рет бағдарламаның барлық қатысушыларымен жалпы жиналыс өткізеді. Әрбір менторға жетіден онға дейін тағылымдамашы бекітіледі. Бағдарламада барлығы тоғыз ментор бар. Олардың барлығы тағылымдамашылармен жұмыс істеу бойынша арнайы оқытудан өтті және тиісті дағдыларға ие. 

Story about the unemployed

Бағдарламаға қатысушылар тәлімгерлермен жұмыс істейді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Оқыту

Жеке тәлімгерліктен басқа, тағылымдамашылар тағылымдама кезеңі ішінде жұмысқа орналасу дағдыларын қалыптастыру бойынша үш тренингтен өтеді. Тренингтер демалыс күндері офлайн-форматта ұйымдастырылған. «Біз тағылымдамашыларға бағыт-бағдар береміз, ресурстар мен ақпарат: жұмысқа орналасуға арналған пайдалы сайттар тізімін, гранттар мен жобаларға қатысуға мүмкіндіктерді ұсынамыз», - дейді Жазира. «Сондай-ақ, біз оларға түйіндемені, ілеспе хаттарды дұрыс құрастыруды және сұхбаттасу кезіндегі мінез-құлықты үйретеміз», - деп қосты ол. 

Story about the unemployed

Жеке тәлімгерлікпен қатар, тағылымдамадан өтушілер тағылымдама кезеңінде үш жұмысқа орналасу дағдыларын үйретеді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ

Психологиялық қолдау

Пандемия дағдарысы көптеген адамдардың, әсіресе жұмыссыздар мен осал топтардың психологиялық денсаулығына теріс әсер етті. Сондықтан тағылымдама аясында қатысушылар психологтың көмегіне жүгіне алады. Жобада барлығы үш психолог жұмыс істейді – әр өңірге бір-бірден. Тартылған психологтар кеңес беру кестесін жасайды және оған мұқтаж адамдарың барлығына қолдау көрсетеді. «Кейбір адамдар, әсіресе мүгедектігі бар адамдар, қайта кеңес алуды қажет етті және психологпен бірнеше кездесу өткізді», - дейді Жазира. «Психологтардың есептері кеңес беру қатысушылар үшін өте пайдалы болғанын куәландырады», - деп қосты ол.

Мүгедектігі бар адамдар

Бағдарлама бенефициарларының бірі мүгедектігі бар 29 жастағы Андрей Агапов. Пандемия кезінде ол жұмысынан айрылып, бірнеше ай бойы жұмыс таба алмапты. 

Story about the unemployed

Жұмыс орнындағы Андрей.

Фото: Алексей Мальченко, Алматы, Қазақстан

«Мүгедектігі бар адамдар көбінесе қабілетсіз адамдар ретінде қабылданады, нәтижесінде бізге жұмыс табу өте қиын», - деп санайды Андрей. «Тағылымдамадан өту маған өзіме сенуге көмектесті, үлкен нәрсеге түрткі болды. Оқыту жеңіл түрде өтті, барлығы түсінікті болды. Мен өз ісімді ашу мүмкіндіктері туралы көп нәрсе білдім және бұл мені болашақта өз ісімді ашуға итермеледі»,- дейді Андрей. 

Story about the unemployed

Андрей шәкіртіне информатика сабағын оқытып отыр.

Фото: Алексей Мальченко, Алматы, Қазақстан

Ол Алматы қаласындағы «КОС» қоғамдық бірлестігінде АТ маманы ретінде тағылымдамадан өтті, содан кейін ол жерде жұмыс істеуге қалды. «Маған жұмыс орны ұнайды. Менің АТ маманы кәсібім маған қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік берсе де, мен кеңсеге барғанды жөн көремін. Біз үшін, мүгедектігі бар адамдар үшін, бұл әлеуметтену үшін тамаша мүмкіндік», - деп қорытындылады Андрей. 

Story about the unemployed

Андрей үшін жұмыс - әлеуметтенудің тамаша мүмкіндігі.

Фото: Алексей Мальченко, Алматы, Қазақстан

Бағдарламаның аралық нәтижелері

«Бірінші лектің нәтижесі бойынша қатысушылардың 30 пайыздан астамы тағылымдамадан өткен ұйымдарда жұмыс істеуге қалды. Бірақ бұл қалған қатысушылар сыртта қалды дегенді білдірмейді. Олардың көпшілігі өз ісін ашты, кәсіби дағдыларға ие болды немесе басқа жерлерде жұмысқа орналасты. Біз адамдардың қалай өзгеретінін көреміз. Бұл туралы жұмыс берушілер де, менторлар да айтады», - деп қорытындылады Жазира.

Тағылымдамалар бағдарламасы 2022 жылғы қыркүйекке дейін жалғасады және тағы 150 жұмыссызға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.