Біздің басшылық
Катаржина Вавьерниа
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі
Катаржина Вавьерниа, (азаматығы - Польша Республикасы), 2005 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істейді. 2019 жылдың сәуірінен бастап Сан-Томе және Принсипидегі БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі қызметін атқарды. Бір жарым жыл бойы БҰҰ-ң Сан-Томе мен Принсипидегі уақытша Тұрақты үйлестіруші қызметін атқарды.
Осы тағайындауға дейін К. Вавьерниа БҰҰДБ-ң Малавидегі (2013-2018) Тұрақты өкілінің орынбасары болды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін Гвинея-Бисаудағы БҰҰДБ-ң Тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылдан 2008 жылға дейін К. Вавьерниа БҰҰДБ-ң Анголадағы кеңсесінде оқыту мен әлеуетті арттыруға және сатып алуларға жауапты болды.
Бұған дейін К. Вавьерниа бес жыл бойы Оңтүстік Африкада және Мозамбикте үкіметтік емес секторда микроқаржы жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеді, онда босқындар үшін табыс әкелетін бағдарламаларды басқарды.
Ол өз еңбек жолын Польшадағы корпоративтік секторда 1996 жылы бастады. К. Вавьернианың Варшава Экономика мектебінде (Польша) банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесі және Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) халықаралық даму (мамандық: жанжал, қауіпсіздік және даму) бойынша жоғары білімнен кейінгі білім туралы дипломы бар.
К. Вавьерниа ағылшын, португал, француз, испан тілдерін және негізгі деңгейде орыс тілін біледі. Сондай-ақ К. Вавьерниа саяхаттауды және жаңа мәдениеттерді тануды жақсы көреді. Ол волонтерлік қағидаттарды ұстанады және адамдармен тұрған ортасында қарым-қатынас құруды ұнатады. Оның екі егіз қызы бар.
Сухроб Ходжиматов
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілінің орынбасары
Сухроб Ходжиматовтың халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ жеке секторда бағдарламаларды дамыту және басқару саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесіне тағайындалғанға дейін Сухроб Ходжиматов Әзірбайжандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі, Түркиядағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары (2017 – 2022) міндеттерін атқарды. 2013-2017 жылдары Сомалидегі елдік директордың орынбасары және Найроби қаласындағы (Кения) Сомалидегі БҰҰДБ қолдау кеңсесінің директоры; 2006-2013 жылдары - Нью-Йорктегі БҰҰДБ штаб-пәтерінде Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық кеңсесінде саясат және операцияларды қолдау бөлімінің басшысы ретінде және Тәжікстандағы БҰҰДБ-ның елдік кеңсесінде жұмыс істеді.
БҰҰДБ-ға келгенге дейін 2000-2006 жылдар аралығында С. Ходжиматов Тәжікстандағы құқықтық және экономикалық даму бойынша USAID жобаларында бірқатар жетекші лауазымдарды атқарды. Еңбек жолын Тәжікстанның Бас прокуратурасында 1996 жылы бастаған.
С. Ходжиматов Тәжік ұлттық университетінің құқық магистрі дәрежесіне және Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университеті мен Невада университетінің (АҚШ) ұлттық сот колледжінің дипломнан кейінгі дәрежесіне ие.
С.Ходжиматов ағылшын, орыс, парсы және тәжік тілдерін меңгерген.