БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастықты талқылады
2024 ж. 15 August
Бүгін Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) Қазақстанда жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастықты талқылау мақсатында кездесу өткізді.
Вавьерниа ханым Смайылов мырзаны жақында тағайындалуымен құттықтап, оның Премьер-Министр қызметінде болған кезіндегі ОДМ күн тәртібін қолдауын жоғары бағалады. Кездесу барысында тараптар Абай, Жетісу, Ұлытау және Қызылорда пилоттық өңірлерінде кешенді даму мен ОДМ-ды жергілікті деңгейде жүзеге асыруды ынталандыруға бағытталған алдағы өңірлік бағдарламаны талқылады.
Талқылаудың елеулі бөлігі ОДМ-ға қол жеткізу механизмдерін нығайтудың қажеттілігіне арналып, жаһандық мақсаттардың жүзеге асырылуын бағалау үшін жоғары қаржылық бақылау органдарын тартудың өсіп келе жатқан жаһандық үрдісі атап өтілді. Сондай-ақ, жуырда мақұлданған Қазақстанның Ұлттық даму жоспары аясында ОДМ-ға қол жеткізу прогресін кешенді ұлттық бағалаудың қажеттілігі қаралды.
Тараптар ОДМ аудитінің әдістемелік тәсілдерін енгізу саласында ынтымақтастық туралы келісті. Кездесу екі тараптың Қазақстандағы ОДМ күн тәртібін ілгерілетуге және ынтымақтастықты тереңдетуге адалдығын растаумен аяқталды.