Ауа сапасы, қоғам және қалада тұру құқығы
2024 ж. 30 October
Әркім қоғамдық орындар адамдардың аман-саулығына және инклюзияға басымдық беретін жайлы, қолжетімді және экологиялық таза қалаларда тұруға құқылы. Шынында да көптеген урбанизм теоретиктері қазіргі заманда қалаларды дамыту өндіріске, тиімділікке және пайдаға шектен тыс ден қойып, өмір сүруге қолайлылыққа, қоғамның қатысуына, экологиялық тепе-теңдікке нұқсан келтіретінін айтады. Осы қозғалыста бас көтергендердің бірі - Джейн Джейкобс. «Ұлы Америка қалаларының өлімі мен өмірі» (1961) атты аса маңызды еңбегінде ол қалалар көліктер немесе өнеркәсіп үшін емес, адамдар үшін жобалануы тиіс, қалалық кеңістіктер өзара әрекеттестікке, кез келген жерге жаяу жетуге, қызыққа толы қоғамдық өмірге ықпал етуі тиіс деген еді. Джейкобс қаланы «жоғарыдан төмен» жоспарлауды сынға алып, адамдарға бағдарланған «төменнен жоғары қарай» тәсілін қолдануға үндеді.
Өкінішке орай, Джейкобс және сол сияқты адамдар қолдайтын идеалдар қала өмірінің сапасына нұқсан келтіретін жүйелі мәселелерге белшесінен батқан көптеген бүгінгі қалалардың шындығына жиі қайшы келеді. Олардың ішінде ауаның ластануы ерекше күрделі мәселе болып табылады. Ауаның төмен сапасы тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, экономикалық өсуді және инвестицияларды тежейді. Сондықтан осындай жүйелі мәселелерді шешу үшін және қалаларда анағұрлым тұрақты және әділетті болашақ орнатуға септесу үшін Джейкобстың қағидаларына сүйене отырып, қала ландшафтысына басқа қырынан көз тастайтын саясаттар мен бастамалар шұғыл қажет екенін көрсетеді.
Қалалық жүйелі мәселелерді шешу үшін әртүрлі қалалық жүйелердің өзара байланысын және олардың тұрақты дамуға тигізетін әсерін ескеретін жан-жақты және кешенді тәсіл қажет. Саясаткерлер түпкі себептерді анықтау үшін және тиімді араласу шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қамтитын тұтастық тәсілін қолдануы керек.
Симптомнан шешімге: ауа сапасына қатысты мәселелермен күресу
Ауаның ластануы экономикалық өсумен, қоғамдық денсаулықты сақтаумен, көлікпен, мәдениетпен және қаланы инклюзивті дамытумен терең байланысы болғаны үшін көпсалалы әдіс-тәсілдерді талап ететін жүйелі қалалық мәселенің бір мысалы болып табылады. Сондықтан осы мәселені шешу үшін біз үшін жүйелі ойлау қағидаларымен қатар портфель әдісін қолдану орынды болды. Біз іске асуы мүмкін болса да, бар мәселені шешіп тастайтын ауқымды инфрақұрылымдық шешімдерге миллиардтаған қаражат жұмсаудан аулақ болуға тырыстық, оның орнына Қалалық ЭксперименттерҚорының (City Experiment Fund) жобасы аясында жүйеде толқынды резонанс тудыра алатынкішігірім, «айқын-бірақ онша айқын емес» шешімдерді іздедік. Біз нені қалағанымыздың жарқын мысалын 1993 жылы банкроттыққа ұшырауға шақ қалған Копенгагеннен көруге болады, қала ауа ластануының және көлік саласының күн санап өсіп келе жатқан мәселелерін шешу үшін дамуға басымдық берді. Қала ең үнемді шешімді таңдады: велосипед инфрақұрылымына инвестиция салды. Бұл таңдау бірте-бірте оңды экологиялық, денсаулыққа, тиімділікке қатысты және экономикалық пайда келтіре бастағанының арқасында билік тарапынан мықты қолдауға ие болды.
Алматының жасыл және қауіпсіз көшелері: кішігірім өзгерістер, үлкен нәтижелер
1960-шы жылдары «қалада тұру құқығы» идеясының аясын кеңейткен француз әлеуметтанушысы және философы Анри Лефевр қалалық кеңістіктер тек жоспарлаушылар мен құрылыс жүргізушілергеғана емес, сонда тұратындардың барлығына тиесілі және барлық тұрғындардың сол кеңістіктердіқалыптастыру құқығы болуы тиіс деген болатын. Шерри Арнштейн «Азаматтық қатысу баспалдағы» (1969) атты еңбегінде қоғамның шешім қабылдауға қатысуының әртүрлі деңгейлерін сипаттап берді. Оның айтуынша, баршаның шынымен бірлесіп атсалысуы үшін қоғаммен жай ғана кеңесу жеткіліксіз, қоғамға нақты нәтижелерге ықпал ету мүмкіндігін беру керек. Осы бағытта және портфель тәсілініңәдістемелік үдерісі шеңберінде біз Алматыда негізгі ойыншылардың әр алуан тобымен бірлескен жобалау сессияларын өткіздік. Соның нәтижесі біз «Жасыл және қауіпсіз көшелер» деп атаған «ішкі» портфель болды. «Жасыл және қауіпсіз көшелер» бастамасының логикасы баршаның қатысуымен жаяу жүргіншілер аймақтарын құру, қаланы көгалдандыру, қоғамдық және баламалы көлікті жетілдіру, энергия үнемдейтін ғимараттарды ілгері бастыру арқылы ауаны ластау факторларын (көліктердің пайдаланылған газдары, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары өндіретін энергиянытұтыну және т.б.) барынша азайту үшін Алматыны түрлендіруге жаңа көзқараспен қарауға жіті көңіл бөлу болып табылады. Іске асыру кезеңінде әлеуметтік ықпал науқандарының, тактикалық урбанизмарқылы қала аумағына енгізілген өзгерістерді көрсетудің, деректерге негізделген саясаттар әзірлеуді қолдау үшін ауаның ластануына мониторинг жүргізу сияқты цифрлық шешімдерді пайдаланудыңөзара байланысты кластерлеріне назар аударуды жөн көрдік.
Мұндай тәсіл ауаның сапасын жақсартуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар өмір сүруге жайлы және тартымды қалалар қалыптастырады. Жасыл желектер ластаушы заттарды сіңіреді және «жылу аралы» әсерін азайтады, ал энергия үнемдейтін технологияларды қолданумен қайта жаңғыртылғанғимараттар жалпы көміртегі ізін азайтуға көмектеседі. Осы тәсілдің артықшылықтары экология шеңберінен шығып, жайлылық және мінез-құлықты өзгерту аспектілерін қозғайды. Жасыл желектіұлғайту, жаяу жүру және велосипедпен жүру инфрақұрылымын жақсарту қала көшелерін тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп, физикалық белсенділікті арттырады және көлікке тәуелділікті азайтады. Ыңғайлы және экологиялық таза көлік желісі қоғамдық көлікті және баламалы көлік түрлерін пайдалануға ынталандырады, ластануды және көлік жүйелеріне түсетін жүктемені азайта түседі. Сонымен қатар жасыл көшелер мен энергия үнемдейтін ғимараттарды дамыту әлдеқайда қызықты және ширақ өмір сүретін қалалық орта қалыптастырады, бұл өз кезегінде экономикалық белсенділікті ынталандырады және тұрақты инфрақұрылымға инвестиция тартады. Сондай-ақ азаматтардың қоршаған орта және тұрақты өмір салты туралы хабардарлығын қалыптастырып,қоршаған ортаға қамқор әдеттерге көшуде демеу болады. Сайып келгенде, осындай қалалық кеңістіктерді құру ауа сапасын және қала эстетикасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық бірлікті нығайтады, тұрақты дамуға ықпал етеді және қала қоғамдастығының әл-ауқатын арттырады.
Жүре үйрену: тактикалық урбанизмның іс жүзіндегі көріністері
Бүгінгі таңда Алматыда бірінші болмасақ да, алғашқылардың қатарында қаланы жаңғыртужұмыстарына дейін бірнеше көшеде және көлік тұрағында тактикалық урбанизм бастамаларын жүзеге асырдық, оған қоса қоғамдық экскурсия-семинарлар ұйымдастырдық, оған қала басшылары да, жергілікті тұрғындар да қатысып, өзгерістерді біртіндеп және ешкімге, мысалы, көлік жүргізушілеріне кедергі жасамай-ақ енгізуге болатынын көрсете алдық. Осы бастамаларды талдау нәтижелері қаралып, қала өзгерістерді ішінара немесе толығымен қарастыруға және болашақты тактикалық урбанизм қағидаларын енгізуге келісті. Көшелерді жаңғырту жұмыстарына дейін, кезінде және одан кейін ластану деңгейіндегі өзгерістерді өлшейтін ауаны бақылау құрылғыларын орнату әлі жүріп жатыр, бірақ біз енгізген мониторинг механизмі және жалпы жұмыс жүргізу нұсқаулығы кейінірек жұртшылыққа ұсынылатын болады. Әлеуметтендіруді, білімді сақтауды және жоба барысында алған сабақтарымыздың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін осы іс-шаралардың неліктен, қашан, қалай және кім жүзеге асыратынын түсіндіру маңызды. Сондықтан, осы блог сияқты, біз де өз жұмысымызды әртүрлі байланыс арналары, әлеуметтік желілердегі жазбалар, көпшілікке арналған іс-шаралар, экскурсиялар, серіктестік іс-шаралар және басқа арналар арқылы идеялармен және біліммен бөлісе отырып, «дауыстап жұмыс істеу» қағидасы бойынша жүргізуге тырыстық.
Болашақты қаржыландыру: қалалардағы өзгерістерді қаржыландырудың инновациялық механизмдері
Айта кету маңызды, өзгеріс енгізуге қатысты кез келген ұсыныста қаржыландыруды ескеру қажет екенін мойындаймыз. Ұжымымыздың инновациялық рухына сүйене отырып, біз Қазақстандағы, әсіресе Алматыдағы қолданыстағы құқықтық және қаржылық инфрақұрылымға негізделген дәстүрлі емес, бірақ іске асыруға әбден болатын әдістерді ұсынуға тырыстық. Біз ТДМ Сукук шығарылымын, сондай-ақ елде (және, әрине, Орталық Азияда) алғашқы муниципалдық Жасыл облигациялардыенгізуді зерделедік. Қазіргі уақытта жергілікті серіктестермен бірге басты назарымызда соңғы екі бастаманы ілгерілету мәселесі тұр.
Табыс жолында: Адамға бағдарланған қалалық стратегиялар
Қалаларды тұрақты дамытудың кешенді тәсілін қабылдау арқылы қалалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартатын тұрақты, қызықты әрі инклюзивті орта қалыптастыруға септесу арқылы көптеген мақсаттарға қол жеткізе алады. Алайда мұндай шешімдерге апаратын жол оңай бола бермейді. Тарихта экономикалық мүдделерді ынталандыруға бағытталған, бастапқыда сондай «айқын» болып көрінген, бірақ ақыр соңында ұзақ мерзімді жағымсыз нәтижелерге жол ашып, қымбатқа түскен қателер атанып кеткен ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың мысалдары жетіп артылады —мұны Джейн Джейкобс та растайды. Дүние жүзіндегі қала әкімшіліктері әлдеқайда мұқият ойластырылған «онша айқын емес» шешімдерді анықтауда қиындықтарға тап болып жатыр. Әдіс-тәсілдер қала мен қала, Алматы мен Нью-Йорк, Нью-Йорк пен Сидней арасында әрқилы болса да, адамға бағдарланған, қоғамды қатыстыратын, жүйенің өзіндік ерекшеліктеріне негізделген тәсілдер әлгі шешімдерді анықтаудың тиімді стратегиялары болып шықты.